ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Алғыс жүректен шығады»

1 Наурыз алғыс айту күніне орай колледждің бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Алғыс жүректен шығады» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға колледждің ардагер ұстаздары, колледждің кіші қызметкерлері және оқытушылар шақырылды. Шара барысында студенттер өзінің туған жеріне, халқына , ата-анасына, ұстаздарына арнап алғыс білдірді. Колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева қонаққа шақырылған ардагер ұстаздарға рақмет айтып алғысхат пен марапаттады. Колледждің педагогикалық ұжымы және колледж ішіндегі тазалықты сақтап еңбек етіп жүрген қызметкерлері атқарушы директордың алғыс хатымен марапаттады. Шара әуенді әнмен жалғасты. 1 курсқа келген «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері өз өнерлерін көрсетті. Апта бойы 1-4 курс студенттері арасында жоспарлы шара ұйымдастырылды «Мен алғыс айтамын» тақырыбында шығарма жазды. Барлық топтарда «Алғыста шек болмайды» тақырыбында ашық тәрбиелік шара өтті. 1аКШР тобымен колледж психологы Б.Б.Конарова «Біз біргеміз» тренингін ұйымдастырды. Он-лайн режимде оқитын 2-4 курс студенттері видео құттықтауларын жолдады.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.