ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Білім алушылар міндетті

 

Білім алушылар міндетті:

• Педагогтармен күнделікті байланысқа шығуға; 

• Қолжетімді байланыс құралы арқылы сабақ кестесімен,  сабақ тақырыбымен, мазмұнымен танысуға;

• Білім алушы өзінің жеке кабинетіне (платформада қарастырылған жағдайда), электрондық поштасына, басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіріп, өзбетімен орындауға арналған оқу материалдарына алуға;

• Қолжетімді байланыс құралы арқылы өзбетімен күнделікті берілген тапсырмаларды орындап, оқу орны бекіткен жүйелерге жіберуге;

• Педагогтардың талаптарына сай күнделікті орындаған тапсырмаларын сканерлеп, немесе фото сурет түрінде қолжетімді байланыс құралы арқылы ұсынуға (платформа, электрондық пошта, WATSAPP, чаттар мен басқалар); 

• Тапсырмаларды орындау барысында академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтауға; 

• Қолжетімді электрондық ресурстарды қолдануға. 

 

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің  ата – аналары (заңды өкілдері) міндетті: 

• Жұмыс тәртібімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үрдісімен танысуға;

• Білім алушылардың тапсырмаларды орындауына бақылау жүргізуге; 

• Топ жетекшілерімен, педагогтармен байланыста болуға;

• Оқуға жағдай орнатуға. 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.