Білім алушылар міндетті:
• Педагогтармен күнделікті байланысқа шығуға;
• Қолжетімді байланыс құралы арқылы сабақ кестесімен, сабақ тақырыбымен, мазмұнымен танысуға;
• Білім алушы өзінің жеке кабинетіне (платформада қарастырылған жағдайда), электрондық поштасына, басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіріп, өзбетімен орындауға арналған оқу материалдарына алуға;
• Қолжетімді байланыс құралы арқылы өзбетімен күнделікті берілген тапсырмаларды орындап, оқу орны бекіткен жүйелерге жіберуге;
• Педагогтардың талаптарына сай күнделікті орындаған тапсырмаларын сканерлеп, немесе фото сурет түрінде қолжетімді байланыс құралы арқылы ұсынуға (платформа, электрондық пошта, WATSAPP, чаттар мен басқалар);
• Тапсырмаларды орындау барысында академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтауға;
• Қолжетімді электрондық ресурстарды қолдануға.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата – аналары (заңды өкілдері) міндетті:
• Жұмыс тәртібімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үрдісімен танысуға;
• Білім алушылардың тапсырмаларды орындауына бақылау жүргізуге;
• Топ жетекшілерімен, педагогтармен байланыста болуға;
• Оқуға жағдай орнатуға.