ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурс

Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
ректорының
2019 ж. «11 » шілдедегі
№ 579 бұйрығына қосымша


Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурс 
қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру  жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 49 тармағына, 2018 жылдың 12 желтоқсанында Ғылыми кеңеспен бекітілген Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының білім беру және ғылыми-практикалық ic-шараларының 2019 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес өткізілетін республикалық іс-шара
болып табылады.
1.2. Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
1.3. Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (келісім бойынша) (бұдан әрі – Академия) болып табылады.
1.4. Конкурстың өңірлік кезеңінің ұйымдыстырушылары (бұдан әрі – өңірлік кезеңнің ұйымдастырушылары) облыстар, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент ққ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтары (келісім бойынша), «Қоғамдық келісім» КММ (келісім бойынша) мен ғылыми-сарапшылық топтары болып табылады.
1.5. Осы Қағида конкурсты өткізу тәртібін және ғылыми жұмыстарды іріктеу талаптарын анықтайды

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері


2.1. Өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеуді мақсат етеді.

2.2.Конкурстың міндеттеріне:
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге септігін тигізетін зерттеу ісіне ғылыми қауымдастықты және соның ішінде жастарды тарту;

- ғылымға жастардың қызығушылығын арттыру;
- дарынды жас ғалымдарды іздестіру және қолдау;
- ғалымдар мен жастардың патриоттылық деңгейін, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
- білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту

- татулық пен келісім идеяларын шоғырландыруға және қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ғылыми және әдістемелік әзірленімдер, оқу және анықтамалық әдебиеттердің басып шығарылуына қолдау көрсету кіреді.


3. Конкурстың тақырыптық бағыттары


3.1.Конкурстың негізгі тақырыптық бағыттары:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, қоғамдық келісім мен бірлік институты ретінде;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контекстіндегі татулық пен келісім идеялары;
3) қазақстандық бірегейлік: құндылық негіздері және нығайту жолдары;
4) ұлттық код және рухани жаңғыру "Рухани жаңғыру»;
5) Қазақстанды жаңғырту: жаңа технологиялық қалау және патриотизм.
3.2. Республикалық кезең ұйымдастырушылары осы Қағидада анықталған тәртіпке сәйкес ықтимал қатысушыларды міндетті түрде хабарлап, қажеттілікке сәйкес конкурс тақырыптамаларына қосымшалар енгізу құқығына ие.


4. Конкурсқа қатысушылар

4.1.Конкурсқа ізденуші ретінде: жас ғалымдар қатысады.
4.2. Жас ғалымдар 35 жасқа дейінгі жас зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар (соның ішінде шетелде білім алушылар, сонымен бірге PhD диссертациясын 2014 ж. кейін қорғағандар), жоғарғы оқу орындары мен ғылыми–зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері, ғылыми–сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатыса алады.
4.4.Конкурсқа бір автор әзірлеген жоба қатыса алады.
4.5. Әрбір ізденуші тек бір өтінім бере алады. Бір ізденушінің екі және одан көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді


5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі


5.1.Конкурс үш кезеңде өткізілді:
1). конкурстың өңірлік кезеңі;
2) конкурстың республикалық кезеңі (жобаларды сырттай іріктеу);
3) конкурстың қорытынды кезеңі (қатысушылардың жобаларды таныстырылымы).
5.2. Конкурс аясында жоспарланған іс-шаралар күнтізбелік жоспарға (осы Қағиданың 1 - қосымша) сәйкес өткізіледі.
5.3. Конкурстың өңірлік кезеңі Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент ққ. өткізіледі.
5.4. Конкурстың өңірлік кезеңінде осы Қағиданың 2 және 3-қосымшаларға бойынша рәсімделген қатысу туралы өтінімдер жергілікті конкурстық комиссиямен кейінгі бағалау (бағалау парағының үлгісі осы Қағиданың 4-қосымшасында көрсетілген) үшін күнтізбелік жоспарға сәйкес мерзімде өңірлік кезең ұйымдастырушыларына  жіберіледі.
5.5. Жергілікті конкурстық комиссиялар жұмысы нәтижесі бойынша республикалық кезең ұйымдастырушыларына жөнелту үшін әр өңірден 2 жоба таңдалынады.
5.6. Конкурстың жобаларды сырттай іріктеу тәртібіндегі республикалық кезеңі Нұр-Сұлтан қ. Күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі (Қосымша 1).
5.7. Конкурстың республикалық кезеңінде авторлардың тікелей қатысуынсыз конкурстың өңірлік кезеңінің іріктеу нәтижесінде бағытталған ғылыми жобалар қарастырылады. Сырттай іріктеуде елдің барлық өңірлерді көрсететін 32-ден артық емес жоба қатысады. Бір өңірден 2-ден артық жоба ұсынылған жағдайда республикалық кезең ұйымдастырушылары сандық шектеуден асатын кез келген өтінімнен бас тартуға хақына ие.
5.8. Республикалық сарапшылық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін республикалық кезең ұйымдастырушылары сырттай іріктеуден өткен қатысушыларды конкурстың үшінші (қорытынды) кезеңінің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат береді.
Қатысушыларға ақпарат электронды форматта жіберіледі.
5.9. Конкурстың қорытынды кезеңі Нұр-Сұлтан қ. өткізіледі, нақты өткізілетін орынды республикалық кезең ұйымдастырушылары анықтайды. 
5.10. Конкурстың қорытынды кезеңі барысында авторлар конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне сырттай іріктеуден өткен өз ғылыми жобаларын республикалық сарапшылық комиссия алдында тікелей таныстырады.
5.11. Қорытынды кезеңде жобаларды таныстырылымы ұзақтығы 7-10 минуттан артық емес ауызша баяндама түрінде іске асырылады. Баяндама электронды таныстырылым, аудио -/видео жазбалар, материалдық нұсқадағы көрнекі материалдармен қатар жүруі мүмкін. Арнайы құрылғылар (проекторлар, стендтер және т.с.с.) бөлу қажет болған жағдайда қатысушы республикалық кезеңнің ұйымдастырушыларын конкурстың қорытынды кезеңіне 3 жұмыс күннен кешіктірмей хабарлап қояды.

5.12. Конкурстың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары республикалық сарапшылық комиссиясымен ашық дауыс беру арқылы анықталады. 
Дауыстардың тең болуы кезінде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

5.13. Конкурс туралы осы Қағида облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Қазақстан халқы Асссамблеясы хатшылықтарына бағытталады. Хатшылықтар тиісті құжаттар түскен уақыттан 10 жұмыс күн ішінде өз өңірінің барлық ЖОО мен АОО, ЭМБ, зерттеу құрылымдарына конкурс туралы ақпаратты жібереді.

5.14. Қорытынды конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және құнды сыйлықтармен, конкурс лауреаттары қатысу туралы сертификаттармен марапатталады. Конкурстың жеңімпаздарын мараппатаудың салтанатты рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі, нақты өткізу орны республикалық кезең ұйымдастырушыларымен анықталады.
5.15. Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау өңірлік кезең ұйымдастырушыларымен іске асырылады.
5.16. Конкурс аяқталған соң ғылыми жұмыстардың тезистері арнайы жинақта (баспа немесе электронды нұсқада болуы конкурс ұйымдастырушылардың қарап шешуіне байланысты) жарияланады. Үздік жобалар ғылыми басылым ретінде толықтай басылып шығарылады.

6. Конкурс ұйымдастырушылары мен ұйымдастырушыларының міндеттері


6.1 Республикалық кезең ұйымдастырушылары конкурстың жалпы басшылығын іске асырады.
6.2.Республикалық кезең ұйымдастырушылары:
- Осы Қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
- Республикалық сарапшылық комиссия құрамын, өтінімдерді бағалау жүйесі мен өлшемдерін бекітеді;
- Конкурстың барлық рәсімдерін өткізу және конкурс жеңімпаздарын марапаттау тәртібін анықтайды;
- Конкурс нәтижелерін хаттама түрінде бекітеді;
- www.assembly.kz, www.apa.kz және басқа да білім беру сайттарында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурстың қорытындылары туралы ақпарат береді.
6.3. Конкурс жеңімпаздарын анықтау барысында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы.
6.4. Өңірлік кезең ұйымдастырушылары жергілікті конкурстық комиссия құрамын жасақтайды, олардың жұмысы нәтижесінде іріктелген жобаларды конкурстың республикалық кезеңін ұйымдастырушыларға жолдайды.

6.5.Жергілікті конкурстық комиссия:

– өңірлік жоо әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің профессорлар-оқытушылар құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құрылады;
– комиссия құрамы мен мүшелер саны ұйымдастырушылармен анықталады;
– комиссияның алғашқы отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланатын Төраға басқарады;
– ғылыми жұмыстардың іріктеуін іске асырып, Плагиатқа тексеруден өткізуге тиісті (мәтіннің ерекшелігі 80% төмен болмау керек);
– өңірлік кезең ұйымдастырушысына дауыс беру нәтижелерімен бірге отырыстың хаттамасын ұсынады.

6.6.Республикалық сарапшылық комиссия:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінен және республикалық кезең ұйымдастырушылардың өкілдері – ғылыми қызметкерлер мен профессорлар-оқытушылар құрамынан құрылады;
– комиссияның алғашқы отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланатын комиссия Төрағасы басқарады;

– комиссия құрамы мен мүшелер саны ұйымдастырушылармен анықталады;
– конкурстың екінші кезеңінде ғылыми жұмыстарды сырттай іріктеуді іске асырады, сондай ақ конкурстың үшінші кезеңінде қатысушылардың таныстырылымын тыңдайды;

– конкурстың екінші және үшінші кезеңі нәтижесінде отырыстардың хаттамалары рәсімдейді.


7. Конкурстық өтінімді рәсімдеу талаптары


7.1. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар келесідей құжаттарды жолдайды:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағиданың 2-қосымшасы) – 1 дана (сонымен бірге электронды нұсқасы);

2) 20 беттен артық емес ғылыми жұмыстың (жоба) (осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша) басып шығарылған, тігілген мәтіні – 1 дана (сонымен бірге PDF форматындағы электронды нұсқа);

3)қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі.


7.2. Конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне ұсынылған ғылыми жобалар үшін жоғарыда аталған құжаттармен бірге қосымша келесідей құжаттарды бағыттайды:

1) Осы Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жергілікті конкурстық комиссияның жобаларды бағалау парағы;
2) облыстар (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ққ.) Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің жазбаша ұсынымы – 1 дана.
7.3. Жобалар мемлекеттік және ресми және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
7.4. Жобаны рәсімдеу талаптары: А4 форматта мәтін; бос орындар аумағы: сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1,5 см, жоғарыдан және төменнен – 2 см.; қаріп Times New Roman, кегль 14 пункт; жоларалық интервал– 1,2. Өтінімнің электронды нұсқасы файлдың *.doc форматы, яғни MS Word 97–2003 құжаты ретінде рәсімделеді.

Жобаның құрылымы:

-негізгі бет;
-конкурсқа қатысушы туралы ақпарат;
-жұмыстың аңдатпасы;
-мазмұндама;
-кіріспе;
-жұмыстың негізгі бөлімдері (тараулары);
-қорытынды;
-суреттемелер, фотосуреттер, кестелер, сызбалар және т.с.с. түрінде қосымшалар;
-қолданылған әдебиеттер тізімі.

7.5. Фотосуреттер, суреттер мен сызбалар қосымша түрінде рәсімделеді.
7.6. Рәсімделу талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылуға жатпайды.
7.7. Конкурсқа қатысу үшін өтінімі конкурсқа қатысуға үмітті қатысушының осы Қағидада қарастырылған талаптармен және шарттармен келісімді білдірудің формасы болып табылады.
7.8. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінімдерді конкурс ұйымдастырушылары конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі мен уақытын көрсетіп, тіркейді.

7.9. Конкурс талаптарына сәйкес келмейтін, рәсімдеу ережелері бұзылып ұсынылған немесе конкурсқа көрсетілген уақыт өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды. Конкурстық өтінімдерді қабыл алмау себептері авторларға хабарланбайды.

7.10. Конкурстық өтінім материалдары авторларға қайтарылмайды.

8. Жобаларды іріктеу критерийлері

8.1. Конкурсқа қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат облысындағы ғылыми білімдерге үлес қосатын ғылыми жұмыстар, сондай-ақ инновациялық әдістемелердің зерттемелері ұсынылады.
8.2. Жобаны бағалау кезінде келесідей критерийлер ескеріледі:

– жобаның конкурс мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі;

– қарастыратын тақырыптың өзектілігі;

– құрылым мен баяндау логикасының негізділігі;

– ғылыми жаңалығы;

– қойылған міндеттерді шешуде өзіндік авторлық тәсілдеме;
– ғылыми жұмыс әдіснамасының тиімділігі, талдаудың заманауи әдістерін қолдануы;

– қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстардың бар болуы.

8.3.Конкурстың өңірлік кезеңіне ұсынылатын құжаттар Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-не бағытталады, мекен-жайы: Орал қ., Астана шағын ауданы, 10 құрылыс, (Ассамблея үйі), 6-кабинет. Тел.: 8 (7112) 30-08-27, эл.мекен-жай: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің

қатысуымен Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті – 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық 

келісім мен жалпыұлттық бірліктің 

қазақстандық моделіне арналған үздік 

ғылыми жобалардың республикалық 

конкурс қағидасының 1-қосымшасы

 


Конкурсты өткізудің
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Іс-шара атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты
құрылымдар

1.

Конкурсты өткізу туралы
Қағиданы әзірлеу және
жіберу

2019 жылғы
16 шілдеге дейін

Конкурстың
Республикалық
кезеңінің
ұйымдастырушылары

2.

Конкурстың өңірлік
кезеңін өткізу

2019 жылғы
шілде-қыркүйек

Конкурстың Өңірлік
кезеңінің
ұйымдастырушылары

3.

Конкурстың өңірлік
кезеңінің қорытындысы
бойынша Республикалық
сырттай іріктеуге
өтінімдерді ұсыну

2019 жылғы
20 қыркүйегіне
дейін

Конкурстың Өңірлік
кезеңінің
ұйымдастырушылары

4.

Республикалық
қорытынды конкурсты
өткізу

2019 жылғы
7 қарашаға дейін

Конкурстың
Республикалық
кезеңінің
ұйымдастырушылары

5.

Конкурс жеңімпаздарын
салтанатты марапаттау

2019 жылғы
қараша

Конкурстың
Республикалық
кезеңінің
ұйымдастырушылары

 

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің
қатысуымен Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен
жалпыұлттық бірліктің қазақстандық
моделіне арналған үздік ғылыми
жобалардың республикалық конкурс

қағидасының 2-қосымшасы

Конкурсқа қатысуға өтінім
(1 беттен артық емес)

Ғылыми жұмыс
авторы (бірлескен
авторы)

Т. А. Ә (толығымен): ____________________________
Ғылыми дәрежесі: ______________________________
Жұмыс орны: _________________________________
Лауазымы: ____________________________________
Байланыс телефондары: _________________________
E-mail: ________________________________________
Облыс (қала, аудан): _________________________

Жоба тақырыбы

 

Жұмыстың
аңдатпасы (300
сөзден артық емес).

 

Ғылыми
нәтижелерін
қолдану облысы

 

Кілт сөздер

 

Өтінімді тапсыру
мерзімі

 

Автордың қолы

 



Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің
қатысуымен Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен
жалпыұлттық бірліктің қазақстандық
моделіне арналған үздік ғылыми
жобалардың республикалық конкурс

қағидасының 3-қосымшасы

Ғылыми жұмысты рәсімдеу
ҮЛГІСІ

ББК 316.347:323.1 (574)

 

 

Тақырыбы:
ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕГІ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙНЕСІ

 

 

Байқау бағыты:
4) Қазақстан әлемдік кеңістіктегі бейбітшілік пен келісімді
дамыту жолында

 

 

Орындаушы:
Аспанов Арман Оңдасынұлы,
философия докторы (PhD),
Ғылыми қызметкері

 

қала, 2019

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің
қатысуымен Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен
жалпыұлттық бірліктің қазақстандық
моделіне арналған үздік ғылыми
жобалардың республикалық конкурс

қағидасының 4-қосымшасы

Конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстарды
САРАПШЫЛЫҚ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Қатысушының Т.А.Ә.:*
__________________________________________________________________


Жұмыстың атауы:
____________________________________________________________________________________________________________________________________

Критерий

Баға
(максималды балл –
15; баллдардың
максималды соммасы
– 90 артық емес)

Бағалаудың
негізділігі

Қарастырған тақырыптың
өзектілігі

   

Құрылым мен баяндау
логикасының негізділігі

   

Ғылыми жаңалығы

   

Қойылған міндеттерді шешуде өзіндік авторлық тәсілдеме

   

Ғылыми жұмыс әдіснамасының
тиімділігі, талдаудың заманауи
әдістерін қолдануы

   

Қорытындылар мен
ұсыныстардың тәжірибелік мәні

   

Қорытынды балл:

   


Жалпы түйін:
__________________________________________________________________


Комиссия төрағасы _______________ (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
(қолы)
Комиссия мүшелері:
_______________ (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
(қолы)
_______________ (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
(қолы)
_______________ (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
(қолы)
_______________ (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
(қолы)

*Қорытынды кезеңде жұмыс республикалық комиссия мүшелеріне жасырын кодтау арқылы жіберіледі.

Ереженің электронды нұсқасын жүктеу

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.