24 мамыр күні акт залында “Жыл оқытушысы - 2017” байқауы өтті. Бұл байқауда Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің сегіз және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің үш оқытушысы сыңға түсті. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді.
І кезең – «Компьютерлік тестілеу » - 13 мамыр күні байқауға қатысатын оқытушылар тестілеу сұрақтарына жауап берді. Тестілеу 40 сұрақтан тұрды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу - 15 сұрақ;
2) Педагогика және психология негіздері - 25 сұрақ; Тестілеудің жалпы уақыты 60 минут берілді.
ІІ кезең - 3 турдан құралған: 1 тур - «Әдістемелік портфолио»; 2 тур - « Шеберлік класс» - әр оқытушы студенттермен сабақтың үлгісін көрсетеді; 3 тур – «Өнерлі өрге жүзеді» -қатысушылар өз өнерлерімен бөліседі.
Жюри құрамында:
1. Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы– қазылар алқасының төрағасы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің директоры.
2. Утарбаева Ляззат Жетебаевна - Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры.
3. Набидоллина Шолпан Сағатқызы - директордың оқу
4. ісі жөніндегі орынбасары.
5. Мукашев Мухамбет Супыгалиевич – директордың оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.
6. Искалиева Айгүл Бисембаевна - «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасының орынбасары.
7. Макашева Фарида Нагимуллиевна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
8. Шапанов Аскен Ғабиденұлы – «Жыл оқытушысы-2016» байқауының жеңімпазы, дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы болды.
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен педагогика, психология пән оқытушысы
Набиева Жанаргуль Жумабайқызы, ағылшын пән оқытушысы Исмагулова Айымжан Алибековна және биология пән оқытушысы Төлеутаева Арай Ғарифоллақызы қатысты. Нәтежесінде Исмагулова Айымжан Алибековна – «Шығармашыл тұлға» номинациясына, Төлеутаева Арай Ғарифоллақызы ІІІ дәрежелі Дипломға, Набиева Жанаргуль Жумабайқызы «Гран-При» дәрежесіне ие болды.