URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

“Жыл оқытушысы - 2017” байқауы

24 мамыр күні акт залында “Жыл оқытушысы - 2017” байқауы өтті. Бұл байқауда Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің сегіз және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің үш оқытушысы сыңға түсті. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді. 

  І кезең –  «Компьютерлік тестілеу » - 13 мамыр күні  байқауға қатысатын оқытушылар тестілеу сұрақтарына жауап берді. Тестілеу 40 сұрақтан тұрды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу - 15 сұрақ;

2) Педагогика және психология негіздері - 25 сұрақ; Тестілеудің жалпы уақыты 60  минут берілді. 

ІІ кезең - 3 турдан құралған: 1 тур - «Әдістемелік портфолио»; 2 тур - « Шеберлік класс» - әр оқытушы студенттермен сабақтың үлгісін  көрсетеді; 3 тур – «Өнерлі өрге жүзеді» -қатысушылар өз өнерлерімен бөліседі.

Жюри құрамында: 

1. Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы– қазылар алқасының төрағасы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің директоры.

2. Утарбаева Ляззат Жетебаевна -  Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры. 

3. Набидоллина Шолпан Сағатқызы - директордың оқу 

4. ісі жөніндегі орынбасары.

5. Мукашев Мухамбет Супыгалиевич – директордың оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

6. Искалиева Айгүл Бисембаевна - «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасының орынбасары.

7. Макашева Фарида Нагимуллиевна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

8. Шапанов Аскен Ғабиденұлы –  «Жыл оқытушысы-2016» байқауының жеңімпазы, дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы болды.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен педагогика, психология пән оқытушысы

Набиева Жанаргуль Жумабайқызы, ағылшын пән оқытушысы Исмагулова Айымжан Алибековна және биология пән оқытушысы Төлеутаева Арай Ғарифоллақызы қатысты. Нәтежесінде Исмагулова Айымжан Алибековна – «Шығармашыл тұлға» номинациясына, Төлеутаева Арай Ғарифоллақызы ІІІ дәрежелі Дипломға, Набиева Жанаргуль Жумабайқызы «Гран-При» дәрежесіне ие болды.

       

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.