БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Колледж бітіруші түлектерімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» бірлескен бұйрығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аталған бұйрықтың негізгі мақсаты — «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, сондай-ақ бітіруші түлектердің ата-аналарын артық қаржылық шығынға ұшыратпау екені жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуге колледж әкімшілігі және Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Адиетов Мұхаммед Ғылымұлы қатысты.
Жиын барысында 2025–2026 оқу жылының бітіруші түлектеріне байланысты:
▪️ кештер мен банкеттер ұйымдастыруға;
▪️ автокортеждер өткізуге;
▪️ таңды қарсы алу іс-шараларын ұйымдастыруға;
▪️ мейрамханаларда, банкет залдарында, демалыс базаларында, табиғат аясында және алау жанында жиналу шараларын өткізуге тыйым салынатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, топ жетекшілері арқылы бітіруші түлектердің ата-аналарына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#ТүсіндіруЖұмысы #БітірушіТүлектер #Колледж #Орал #ҚРОқуАғартуМинистрлігі





































