URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Колледж бітіруші түлектерімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» бірлескен бұйрығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында аталған бұйрықтың негізгі мақсаты — «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, сондай-ақ бітіруші түлектердің ата-аналарын артық қаржылық шығынға ұшыратпау екені жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге колледж әкімшілігі және Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Адиетов Мұхаммед Ғылымұлы қатысты. Жиын барысында 2025–2026 оқу жылының бітіруші түлектеріне байланысты: ▪️ кештер мен банкеттер ұйымдастыруға; ▪️ автокортеждер өткізуге; ▪️ таңды қарсы алу іс-шараларын ұйымдастыруға; ▪️ мейрамханаларда, банкет залдарында, демалыс базаларында, табиғат аясында және алау жанында жиналу шараларын өткізуге тыйым салынатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, топ жетекшілері арқылы бітіруші түлектердің ата-аналарына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. #ТүсіндіруЖұмысы #БітірушіТүлектер #Колледж #Орал #ҚРОқуАғартуМинистрлігі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.