ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастармен кездесу өтті

Бүгін Орал гуманитарлы-техникалық колледжі жастары арасында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Өзіңнен баста» жобасының кезекті отырысы өтті. Шара барысында жастарға – заңгерлік, психологиялық, теологиялық және де буллинг, кибербуллинг тақырыптарында ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Аталмыш шараға: ◆ №3 қалалық емханасының психолог маманы – Жақып Айнагүл Жақыпқызы; ◆ БҚО Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы – Набиғалиев Мұратхан Мұхитұлы; ◆ Орал қаласының ПБ киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы – Баетов Чингизхан Ербулатович; ◆ Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры – Ізберген Абай Қалмұрзаұлы келіп қатысты. Кездесу барысында жастар құқықтық сауатын арттырып, түрлі сала мамандарынан маңызды кеңестер алды.
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.