«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастармен кездесу өтті
Бүгін Орал гуманитарлы-техникалық колледжі жастары арасында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Өзіңнен баста» жобасының кезекті отырысы өтті.
Шара барысында жастарға – заңгерлік, психологиялық, теологиялық және де буллинг, кибербуллинг тақырыптарында ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.
Аталмыш шараға:
◆ №3 қалалық емханасының психолог маманы – Жақып Айнагүл Жақыпқызы;
◆ БҚО Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы – Набиғалиев Мұратхан Мұхитұлы;
◆ Орал қаласының ПБ киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы – Баетов Чингизхан Ербулатович;
◆ Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры – Ізберген Абай Қалмұрзаұлы келіп қатысты.
Кездесу барысында жастар құқықтық сауатын арттырып, түрлі сала мамандарынан маңызды кеңестер алды.





































