Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттері Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, Орал қалалық кітапханада абонемент бөлімі және #2 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен өткен "Кітап - бізді біріктіреді" мерекелік шарасына қатысты.
Шара қонақтары БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығынан Нұрсұлтан Абайұлы бастаған бір топ мамандар - кітапты бағалайтын игі жақсылардың қатарында болып, кітапты сүйіспеншілік пен кітап сыйлауды жалғастырайық дей келе өздерінің оқыған кітаптарының қызықты жерлерімен бөлісті.
Аталмыш шараға қатысушы Орал қалалық гуманитарлық-техникалық колледж студенттері де оқыған кітаптарын бөлісуде белсенділік танытты.
Қоғам мүшелерінің рухани құндылығы мен адам құндылығын мол етіп тәрбиелеу жолдарының бірі де бірегейі - кітап оқуға әуестендіру. Кітап оқитын қоғам қашанда бәсекеге қабілетті болары хақ.