Фестивальдің екінші күні 6.12. дене тәрбиесі оқытушысы А.М.Хабиев «Домалап түсу: артқа, алға» тақырыбында 1бКШФ тобында сабақ өткізді. Сабақ мақсаты- студенттердің төзімділік және икемділік қасиеттерін жетілдіру, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында студенттер гимнастикалық төсеніште алға, артқа домалау, гимнастикалық отырғыштың үстінде тепе-теңдікті сақтап жүру,гимнастикалық орындықта қарлығаш бейнесін жасау,қолды жайып аяқтың ұшымен жүру,тізені жоғары көтере жүру жаттығуларын еркін орындады. Кері байланыста студенттер топпен, жеке тапсырмалар орындап, тақырыпты бекітті.