ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Ағылшын тілі, математика, информатика және технология кафедрасы

Кафедра құрамы:

  

Камаладдинова Акмарал Нурболатовна

Кафедра меңгерушісі. Жоғары санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы 

 

  

Джаксымбетова Айгул Нигметовна

Жоғары санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы

 

  

Исмагулова Айымжан Алибековна

Бірінші санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы

 

  

Ералиева Айгерім Ортабековна

Жоғары санатты физика және информатика пәндерінің оқытушысы, педагогика және психология магистрі. 

 

  

Сагидуллина Асима Муратовна 

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Жоғары санатты математика пәні оқытушысы, математика пәні бойынша педагогика ғылымының магистрі.

 

  

Муканова Альфия Аскаровна.

Бөлім меңгрушісі

Екінші санатты физика пәні оқытушысы

 

1. Teachers provide a social and intellectual environment in which students can learn.

 James Macgregar Burns

 Кафедра мамандықтары

0111000 «Негізгі орта білім беру»

0111083 «Шетел тілі мұғалімі»        

0512000 «Аударма  ісі (түрлері бойынша)»

0512013 «Аудармашы»    

Ғылыми әдістемелік жұмыс мақсаты:

Педагогтердің шығармашылық белсенділігінің дамуына  педагогикалық жағдай жасау, өзін-өзі жетілдіру негізінде олардың құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігінің артуын қамтамасыз ету.

САБАҚ БЕРУ БАРЫСЫ

Кафедра оқытушылары сабақтарында АКТ,ойын, ұжымдық және топтық, оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, проблемалық оқыту,дамыта оқыту, қашықтықтаноқытутехнологияларын қолданады.

Оқу –тәрбие жұмысы:

«English poetry » -Ағылшын тілі  үйірмесінің жұмысы  Ағылшын тілі клубынының жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін«Christmas party» тақырыбындағы мерекелік шаралар.

 

«Өзін-өзі  тану рухани жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру» бағдарламасы бағытындағы жұмыстар

«Өзін –өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасымен кіріктіру»пилоттық жобасын іске асыру бойынша өткізілген кіріктірілген сабақтар 3б КШИ тобында «Шетел  тілі практикумы» сабағында «Жылмезгілдері.Ауа райы» тақырыбында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау»пилоттық жобасын іске асыру бойынша cабақ өтті.    Сабақ жоспары өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырып жасалды.Жалпыадамзаттық құндылықтар сабақтар бөлімдерінде тақырыпқа сай алынып,түсіндіріліп,студенттер өз пікірлерін ортаға салды. Студенттердің сөйлеу дағдыларын дамытуда «What season is it now?» ойыны ойнатылды

36 ПДжәне 3бАІ топтарында   «Золотое сердце Сары Назарбаевой» тақырыбында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау»пилоттық жобасын іске асыру бойынша тәрбие cабақ өтті.    

 

blob: https://web.whatsapp.com/4b55ecbf-261d-423c-809b-544d326df441  

blob: https://web.whatsapp.com/b1881dda-1689-4219-a921-654f8031e4ad  

 

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты - Жастарды еңбекке дайындау, еңбек әрекетінде өзін белсенді ұйымдастыруға үйрету,тұлғалық дамуыныңүйлесімділігін қалыптастыру,өзін-өзі қалыптастыру және қабілеттерін дамыту. 

Педагогикалық практика

Кафедра әдіскерлері  «Сыныптан тыс  жұмыс технологиясы», «Байқау практикасы», «Жазғы практикасы»  түрлері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

 Студенттердің сабақ өткізу кезінен көріністер

4 - ші курс топтарының арасында мелекеттік машық алдындағы папка қорғау конференциясы өтті. Конференцияға 4бКШИ тобы үлкен дайындықпен қатысты. Аудиторияны «Лондон» тақырыбында безендірілді.  

Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жетістіктері Оқытушы А.Н. Камаладдинова Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен (2017ж) және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасынан Құрмет грамотасымен (2017ж)марапатталды.

Оқытушы А.Н.Джаксымбетова 2019 жылы «Лидер XXI века» Халықаралық инновациялық білім орталығы ұйымдастырған «Учитель XXI века » атты I Халықаралық оқытушылар сайысына қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды және қатысушы сертификатын иеленді.2020 жылы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

ОқытушыА.А. Исмагулова Батыс Қазақстан облысының білім басқармасынан Құрмет грамотасымен (2020ж)

Оқытушы Ералиева Айгерім Ортабековна 2020 жылы Батыс Қазақстан облысының Әкімі Ғ. Есқалевтің Алғыс хатымен марапатталды

 

Оқытушы А.М СагидуллинаҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталды (2018ж)

Студенттердің ғылыми-әдістемелік жетістіктері

Студенттер аймақтық, облыстық республикалық,олимпиадаларғақатысып, жүлделі орындар иеленді.  

«Конкурстар, конференциялар, олимпиадалар» ұйымының «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырған «Ағылшын тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасындаIII курс студенттері Бадленова Гүлмарал -1орын, Қуанышғалиева Дильназ- 1орын ( 2020 жыл), «Конкурстар, конференциялар, олимпиадалар» ұйымының «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырған «Ағылшын тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында II курс студенттері Ахансериева Лаура- 2орын,Абилканова Бибигуль – 2орын,Изимажанов Алишер- 2орын,Нәсіпқалиұлы Салауат -2орын(2020ж)

Республикалық қашықтықтан өткізетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған «Ағылшын тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында  Кусанова Диана ІІ дәрежелі дипломмен , Бадленова Гүлмарал  І дәрежелі дипломмен марапатталды(2020 жыл).

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.