Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Достық үйінде, БҚО ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысы Аналар алқасының және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің бірлесуімен Отбасы күніне орай «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әкімшілігі мен студенттері атынан оқу-жаттығу кезінде Маңғыстау облысы Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
3-10 қыркүйек аралығнда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжіміздің 1 курс студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тағылымды кездесу өтті.