Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспары аясында «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналысқа колледж әкімшілігі, кураторлар, ата-аналар және арнайы шақырылған мамандар қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын негізгі құндылықтарға тоқталып жалпы колледж студенттерінің оқуы мен тәрбиесінде жүргізіліп жатырған жұмыстармен таныстырды.
Жиналыс барысында облыстық әдістемелік-психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Курмашева Раушан Амантаевна «Жасөспірімдік кезең: тұлғалық даму ерекшеліктері және ата-аналық қолдаудың рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, жасөспірімнің психологиялық және тұлғалық даму ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, Абай полиция бөлімі жедел уәкілі Орынғали Мақсат, Орал қаласы ПБ Абай ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты, колледж инспекторы Хабибуллиева Мейрамгүл Нұрғалиевна және Лида Болатқызы жасөспірімдер мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беріп, қолданыстағы заң талаптарымен таныстырды.
Жиналыс барысында колледж әкімшілігі ата-аналарға студенттердің ішкі тәртіп ережелерін таныстырып, білім алушының қауіпсіздігі, тәртібі мен жауапкершілігіне қатысты маңызды мәселелерді түсіндірді.
Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті жауаптар мен жеке кеңестер алды.
🤝 Бала тәрбиесі – тек білім беру ұйымының ғана емес, ата-ананың баршамыздың ортақ міндетіміз.
Балаға дұрыс бағыт, берік тәртіп, мейірімді қолдау мен жауапкершілікке негізделген тәрбие беру – жарқын болашақтың кепілі!









































