19 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдыңына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» шарасында колледжіміздің директрының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі А.Ж.Отарбай Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің алғыс хатымен марапатталды.
2025 жылдың 12 желтоқсаны күні Қызылорда облысы, М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Бауыржан Момышұлының шығармалары- патриоттық тәрбиенің қайнар көзі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына Орал гуманитарлық- техникалық колледж студенттері қатысты. Конференция мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында батыр, жазушы Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы патриоттық рухты дәріптеу,мектеп бағдарламасында тиімді оқыту әдістемесін қолдану, ғылыми зерттеу нәтижелері,ақпаратт алмасу, жаңа технологиялары мен құралдарды зерделеп, тәжірибе алмасу. Колледжден 2 студент Берікқызы Айғаным мен Әмір Ақторғын ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

1. 27.11 аралығында 03.12.2025 Тараз қаласында өткен Бокстан қыздар арасында
Қазақстан Республикасының чемпионатында , 3а КШФ тобы студенті
Асылбекқызы Қарақатты жүлделі 3 орын алуымен құттықтаймыз!

2-7 қыркүйекте Орал қаласында спорттық бағдарлау (жүгіру) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіледі, Ерболатов Нуртлеу,Төлеш Донеділ, Жанғожиев Бекзат, Губашева Алина, Ерғали Әли-Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 5 студенті жарыстың қатысушылары. 3 қыркүйекте Губашева Алина мен Жанғозиев Бекзат 1 орынға ие болды! Құттықтаймыз! қалған қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Практика нәтижесі: Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерін қалалық мектеп базаларында педагогикалық практиканы сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз.
Бұл еңбекқорлықты, және жоғары білім деңгейін дәлелдейтін тамаша жетістік!!!
Біз сіздерді мақтан тұтамыз!!!

Темирбаев Алишер қыркүйек айында аударыспақтан 48 келі салмақта БҚО чемпионатында 1 орынды жеңіп алды.

Бибитова Милана Ғизатқызы 09.12.22-11.12.22 аралығында өткен әйелдер арасында су полосынан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, 3 орынға ие болды.

2022 жыл желтоқсан айында Колледждің "Ашық жүрек" волонтерлер клубының жетекшісі Д.Е.Мазгутова және ерікті студент С.Саркесян "Техникалық және кәсіптік білім беру" ұйымдарының волонтерлері арасында "Волонтерлік қызметті жүзеге асырған ең үздік ұйым" атты облыстық презентациялар байқауына, колледждегі волонтерлер жұмысын көрсетіп қатысты. Бұл шарада біздің колледж "Ізгілік іс" номинациясымен марапатталды. Қатысушыларды құттықтаймыз.

Астана қаласында Самбодан 2007.2008 жылы туылған балалар арасында "Astana Sambo League"турнирінде 2 орын 1б КШФ тобы студенті Бижанов Шамил. Құттықтаймыз!

2022 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен өтіп жатырған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты ҚР жастарының арасында өткізілген "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ" республикалық байқауына қатысып жүлделі I орын алған 4 курс студенті Сагидуллина Асем Амирханқызын құттықтаймыз!

2022 жылы 24 қазан күні Құрманғазы атындағы саз колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дебат клубының жетекшілерінің арасында “Болашаққа үміт, жастарға сенім” атты облыстық пікірсайыс турниры оздырылды. Осы атылмыш пікірсайыс турнирінде колледжіміздің “QADAM” дебат клубының жетекшісі А.Е.Куанышева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

4 Қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынов оқулары» сайысы оздырылды.

Грек-рим күресінен 2004-2005 ж.т жастар арасындағы Нұр-сұлтан қаласында грек-рим күресінің негізін қалаушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Валерий Константинович Лукьяновтың құрметіне V ашық республикалық турнирінде 130 келі салмақ дәрежесінде 4аРШФ тобының студенті Азбасаров Абылайхан III орынға иеленді.

Балалар жылына арналған Спорттық бағдарлаудан облыстық "Батыс - Азимут-2022" ашық жарысында 1б КШФ тобы студенті Төлек Донеділ мен Лемешева Алина 1 орындарға ие болды!

Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің 4бРШФ тобының 4 - курс студенті Сисенова Карина Шамилқызы, Біріккен Араб Әмірлігіндегі, Дубай қаласында өткен ММА әлем чемпионатында жекпе - жек сайыстан шебер өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, 1 - орынға ие болды.

2021 жылдың 13 желтоқсан күні жыл бойы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» ІҮ фестивалі қорытындыланып, нәтижесінде колледж ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Ұлтымыз Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтайды» облыстық байқауының 3 дәрежелі дипломымен марапатталды. Байқауға ат салысқан барлық топ жетекшілері мен директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Отарбай Айнұр Жетіруқызын құттықтаймыз!!!

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 3аКШФ тобының студенті Хамидолла Нұркен Турция мемлекеті Стамбул қаласында өтіп жатырған Карате-до шотакан спорты бойынша әлем чемпионатында 3 орынға ие болды!