Мәншүк Мәметова атындағы  мұражай-үйінде  2014 жылдың 11 қараша күні Астана қаласындағы «Алжир» мұражай үйінен келген қонақтармен бірлесіп ұйымдастырылған «Әділетсіздік құрбандары» атты шара өтті.  Шараға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Зайнуллина А.Т, Тасқалиева Г.Н. Тасқалиева және 3б КШК тобының студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты – репрессия құрбандарын еске алу, музейдің тарихымен кейінгі ұрпақты таныстыру. Кешке сонымен қатар облысымыздың ардагер ағалары Қалам Сүйіншәлиев , облыс бойынша ардагерлер ұйымынан қонақтар, мәдениет басқармасы департаментінің бастығы Дәулет Құсайынов, Корей диоспорасының басшысы Ким Анатолий Петрович қатысты. Шараның шымылдығын мұражай қызметкерлері М. Мәметованың әкесі Ахмет Мәметов туралы айтудан бастады. «Алжир» мұражайынан келген Карипбаев Жанбота Тасболатұлы мен Саханова Бақтыгүл Жұмабайқызы сөз алып, мұражайдың атқарып жатқан жұмыстарынан хабар берді. «Алжир – лютый криг» деректі фильмі және презентациясының әсері әр отырған көрерменнің жүрегін дір еткізбей қоймады. 3б КШК тобының студенттері Қауанов Нұршат «Қуғын-сүргін құрбандары кесенесінде», Сырымов Меңдібек  «Қазақстан-отаным»  өлеңдерін көрермендерге мәнерлеп оқып жеткізсе, жас дарын Тельман Наурыздың «Тамырымыз тереңде ғой, тереңде» атты  арнау өлеңі көпшілік көңілінен шықты.  Еліміздің ертеңгі тірегі жастарымызға ардагер аталарымыз өз  тілектерін айтып, өнегелі өрнекке толы әңгіме өрбітті. 

Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Жас ұрпақ мәңгі есте сақтайды. 

FaLang translation system by Faboba