Орал гуманитарлық-техникалық колледж ұжымы мен студенттері арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында  өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы талданды. Колледж құрылтайшысы Ш.Х.Курманалина ұлттық құрылтайдың үшініші отырысында қаралған ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға жеке-жеке тоқталды. Олар – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Колледж директоры Л.Ж.Утарбаева, тарих пәні оқытушысы Н.А.Утегенова, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы К.К.Косбаева, әдіскер М.С.Нурмукашова және студенттер Кенжебекқызы Қ,Байыр М. өз ойларын ортаға салып, құрылтайда айтылған жаңа идеялар мен ұсыныстар мұқият қаралып, нақты шаралар қолға алынып, әр отбасына, топтарға жеткізетіні туралы хабарланды.

Наурыз  – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Биылғы жылы 14-23 наурыз аралығындағы тойланып  «Наурызнама» деген атау берілді. 21 наурыз «Ынтымақ» деген атаумен өтті. Бұл күні республикалық деңгейде жалпыұлттық телемарафон өткізіледі. Елдің әр өңіріндегі, алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз құттықтау эстафетасына қатысты. Орла гуманитарлық-техникалық колледжде «Ардагерлер құттықтау челленджі» ұйымдастырылды. Челленджге қатысушы ардагерлер колледж ұжымы мен студенттерін Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамымен құттықтауларын жолдады.  

Орал гумнитарлық- техникалық колледжінде 29.01.-09.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. 28.02 күні фестиваль аясында 2аКШФ тобында «Ас қорыту мүшелері құрылысы және қызметі» тақырыбында А.Ғ.Төлеутаеваның ашық сабағы өтті. Мақсаты: ас қорыту мүшелерімен және оның жұмыс түрлерімен таныстыру, тамақтану және қорытуды қалыптастыру туралы ақпарат беру, баланың ас қорыту мүшелері түрлері жұмыстарын дамыту. Оқытушы сабақ барысында түрлі әдістерді, «түртіп алу» стратегиясын нәтижелі қолданып, «Шәкірт банкі» әдісі арқылы топты бағалады. Сабақ мақсатына жетті.

27.02.2024 ж Орал гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары арасында Т.У.Маденова мен М.С.Нурмукашованың ұйымдастыруымен «Ұстаз шыңы-кәсіби шеберлік» атты жас және тәжірибелі педагогтар арасында педагогикалық аукцион өтті. Мақсаты: өз әдістемелік ізденістерін ұйымдастыру, жас маманның іскерлік және жеке қасиеттерін қалыптастыру; дәстүрлі емес әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы педагогтардың қызметін жандандыру; оқытушы қызметінің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету.

Аукцион 5 лоттан құралды. Оқытушылар 4 топқа бөлінді: «филологтар», «спецы», «музыканттар», «педагогтар»  әр лоттың тапсырмалары бойынша баллдар жиналды. В.А.Сралиева «Танысу» тренингін жүргізді. Кері байланыс А.Р.Идрисованың «Қағаз оркестрімен» өрнектелді. Қорытындысында «спецы» тобы жеңіске жетті. Тамара Утегеновна өз кітапхана қорынан кітаптар сыйға тартты.

 

Орал гумнитарлық- техникалық колледжінде 29.01.-09.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. 06.02 күні колледж жанындағы «AZIM» бөбекжайында тәрбиеші Куантаева У.С. «Бәйтерек» ересек тобында ашық сабағы өтті. Мақсаты: Балаларға орамал театрын қолдана отырып,үйшік ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастыру.

Сабақ түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, дидактикалық ойындар, интерактивті тақта, тышқан, бақа, түлкі, қоян, тиін, аю суреттері және үйшік, сәбіз, бал, ірімшік , шырша, орамал театры көрнекіліктер арқылы түсіндіру, іс-әрекет жүргізіліп қызықты өтті және мақсатына жетті.

 

FaLang translation system by Faboba