07.12.2023 ж колледж ұжымына арналған әдістемелік жоспарға сәйкес «Өзара сабаққа қатысу - әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі»  атты коучинг өтті. Мақсаты: Сабақта түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы ұтымды және тиімді жақтарына сараптама жасай білуге үйрету, әдістемелік көмек  ұсыну,  кәсіби шеберлікті арттыру.колледж әдіскері М.С.Нурмукашова коучингтің мағынасын ашып, ал коучтер: Аманбаева А.А., Косбаева К.К., Маденова Т.У., Куанышева А.Е., Сралиева В.А. өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақтардан үзінді ұсынды. Кері байланыста қатысушылар алған тәжірибелермен бөлісті.

Колледждің 25 жылдығына орай 1-4 курс студенттері арасында Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұрасы» атты колледжішілік ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұраларының қазіргі кезеңдегі маңызын айқындап, жантану ғылымына қосқан үлесін ашып көрсету, еңбектеріндегі ұлттық психология, педагогикалық психологияның негіздерін мамандық таңдаудағы бағыттарын, мұраларындағы қазақ жұртына, жастарға айтылған ақыл-кеңестерді зерттеп біле отырып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Конференцияға барысында 11 баяндама қаралды. Қатысушылар Ж.Аймауытов - жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға ретінде аша отырып, дайындаған баяндамаларында  тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең  жеткізе алды. Қатысушыларды толық тындап, әділ бағалаған төрешілер Шотова Г.С.- арнайы пәндер ПӘБ жетекшісі, Маликова Д.М.- музыка пәні оқытушысы, Давлетова В.А.- Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика, психология кафедрасының оқытушысы конференцияны қорытындылап, әділ бағаларын берді. Барлық қатысушылар дипломдар және сертификаттармен марапатталды.                                                                                                                                  

Ағымдағы жылдың 23- 27 қараша аралығында  колледждің оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес «Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі» тақырыбында 3-4 курс  студенттерінің курстық жұмыстарына арналған шара өтті. Шара барысында студенттер курстық жұмыстарына көрсетілім жасап, курстық жұмыстың кіріспе, негізгі  бөлімдерімен таныстырды. Студенттердің сұрақтарына жауап берілді, қорытынды бөлімдерін   талаптарға сай рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Су тасқынына қарсы тосқауыл жасау жұмыстарының графигі (15.04.2024 ж)

Өзара сабаққа қатысу - әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі  (коучинг)

«Ғылымға қадам» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау конференция

«Ғылымға қадам» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау конференциясы

Біздің колледждің бітіру топтары үшін өте жауапты уақыт келді – бұл курстық жұмыстарды қорғау.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы

Наурыз – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам

«Ас қорыту мүшелері құрылысы және қызметі» тақырыбында А.Ғ.Төлеутаеваның ашық сабағы

«Ұстаз шыңы-кәсіби шеберлік» атты жас және тәжірибелі педагогтар арасында педагогикалық аукцион

«Бәйтерек» ересек тобында ашық сабақ

«Қабылдау дамуы және оның түрлері» тақырыбында А.А.Аманбаеваның ашық сабағы

«Тәрбие психологиясының негіздері. Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері» тақырыбында 2аб КШФ тобында ашық сабақ

«Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі

«Путь к успеху: моя профессия- учитель» тақырыбында квест-ойын

Әдістемелік кеңес отырысы

«Өзара сабаққа қатысу - әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі» атты коучинг

«Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі» тақырыбында 3-4 курс студенттерінің курстық жұмыстарына арналған шара

Колледждің 2бРШО, РШФ топтарында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Токаевтің республика педагогтары съезіндегі тоқталған өзекті мәселелерін талдады

«Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұрасы» атты колледжішілік ғылыми - тәжірибелік конференциясы

Колледждің 2бРШО, РШФ топтарында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Токаевтің республика педагогтары съезіндегі тоқталған өзекті мәселелерін талдады. Студенттер өз пікірлерін білдіре отырып, Президенттің қойған мәселелері қоғамда болып жатқан мәселелрмен тұспа- тұс келетінін айтты.

Қазіргі таңда озат оқумен, белсенді істермен алдынғы қатарда болып, еліміздің болашағына үлес қосуымыз керек деген ойларын ортаға салды.

 

 

FaLang translation system by Faboba