Колледж жаңалықтары

Педагогикалық практика сабақта алынған теориялық дайындықты практикалық іс-әрекетпен үйлестіруді қамтамасыз ететін оқу процесінің органикалық бөлігі болып табылады. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 4аКШР тобының, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің студенттері №6 А.С. Макаренко атындағы ЖОББМ-де педагогикалық тәжірибеден өтеді.

27 қарашада Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымы мен студенттері киокушинкай каратэден Әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін қарсы алды:

Педагогикалық практика сабақта алынған теориялық дайындықты практикалық іс-әрекетпен үйлестіруді қамтамасыз ететін оқу процесінің органикалық бөлігі болып табылады. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 4аКШР тобының, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің студенттері №6 А.С. Макаренко атындағы ЖОББМ-де педагогикалық тәжірибеден өтеді.

1аРШО, 1бРШО топтарының студенттерімен сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу үшін «STOP-сыбайлас жемқорлық!» 1бРШО тобының студенті Шапошникова Людмила сыбайлас жемқорлықтың себептері мен қауіптілігі туралы материал дайындады.

Қауіпті және зиянды әдеттердің алдын алу және ұлттық құндылықтарды: талап, ар-ұят қалыптастыру мақсатында 1аРШО, 1бРШО топтарында «Энергетик және есірткілер өмір сүру құны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

17 қараша күні колледжіміздің белсенді студенттері мереке қарсаңында Байыр Мадина Нұрболатқызы және студенттік парламент президенті Аманбай Фариза Мұратбекқызы БҚО әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хатымен марапатталды. Осы марапатпен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектің арқасында жеткен жетістіктеріңіз көп болсын. Сіздердей студенттерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға алғысымыз шексіз!

17 қараша күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Асық ату челленджі өтті.

Шараның мақсаты: қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойыны «Асық ату» ойынын жаңғырту.

15 қараша күні облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінің спортзалында футзал спорт түрінен Спорттық колледж лигасының облыстық кезеңі өтті. Орал гуманитарлық – техникалық колледж құрама командасы - I орынға иеленді. Біз спортшыларымыздың спорттық жетістіктерін мақтан тұтамыз және үлкен жеңістер әлі алда екеніне сенімдіміз! Команда жетекшісі: Хабиев Абай Максутович.

14 қараша күні колледждің студенттерімен бүгінгі күнде жастар арасындағы құқықбұзушылық, интернет алаяқтық, құмар ойындар, буллинг, бопсалау мәселелерінің өршіп тұрғанын түсіндіру мақсатында колледж инспекторы, Абай ПБ полиция лейтенанты Елемесов Ершат Ерланович және Кажипов Абиш Қанатқалиевич кездесіп мол ақпарат берді.

10 қарашада 1аРШО, 1бРШО топтарының топ жетекшісі Г.С.Шотова студенттермен бірге «Студенттерді тәрбиелеу және олардың жеке басын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында, ұлттық құндылықтарды: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде қалыптастыруға бағытталған алғашқы ата-аналар жиналысын өткізді.

FaLang translation system by Faboba