25 қараша күні 2а,бКШИ топ жетекшісі Б.Ж.Туенбекова «Закладка» деп аталатын деректі фильмін өз тобымен қатар, 1 курс студенттерімен көруді ұйымдастырды.
Фильм, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтерді. Суденттер, қаралымнан кейін, өз ойларымен бөлісті. Фильмдегі кейіпкерлердің, әрбірінің, басындағы қиын тағдырларының болу себебінен осындай жағдайға тап болғандары көрсетілгені жөнінде талқылады. Өмірде қандай қиын жағдай болса да, әрқашан адал жолмен жүруді және ата-ана, жақындармен кеңесуді студенттердің назарына салды.