3абКШФ тобында «Ата-ананың қолдауы маңызды» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысына колледжіміздің директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай және колледж инспекторы қатысты.
Жиналысқа келген ата-аналарға топ жетекшісі З.А.Курмангазиев топ студенттерінің үлгерімі, соңғы оқу жылының жұмыс жоспары, практика түрлері, курстық жұмыстың орындалуы туралы ақпарат берді. Ата-аналар жиналысында студенттердің физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және жақсартуға ықпал ету, қоғамға жат мінез-құлық нормаларының таралуына жол бермеу; мәселе бойынша ата-аналардың медициналық және әлеуметтік білім деңгейін арттыру; есірткіні зияны оның алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша түсіндіру жасалды. Жиналысқа қатысқан ата-аналарда сөз алып оқытушыларға сұрақтарын қойып жалпы оқу орыны туралы жақсы пікірлерін білдірді.
Топ жетекшісі: З.А.Курмангазиев