Колледж жаңалықтары

8 наурыз аналар мерекесіне орай 1аб КШФ топтары «Сіздер үшін, махаббатпен» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мақсаты – Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және студенттерді аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Педагогика және психология апталығында 2 - 3 курс студенттерімен «Қоғам және жастар» тақырыбында пікірталас өткізілді. Студенттер белсенді түрде талқылап, келісу және және келіспеу туралы өз дәлелдерін қолдады. Пікірталас сыни тұрғыдан ойлауды, дәлелдей білуді дамытуға ықпал етті.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шақыру бөлімінің басшысы Загидуллин Рифат Найльвич және орталығымыздың “Жастар бастамаларын қолдау” бөлімінің басшысы Бектұрсынов Аманат Алтынбекұлы және орталығымыздың теолог-маманы Асылбек Жанболатұлы қатысты.

Алғыс айту күніне-сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Алғыс айту күніне орай колледжде мерекелік шара өтті.

Музыка кафедрасының студенттері 3-ші қалалық емханаға барып дәрігерлерге өздерінің алғыстарын білдіріп, керемет көңіл күй сыйлады!

26 ақпан күні педагогика және психология апталығының «Ұжым және жеке тұлға» тақырыбы бағыты бойынша “Білімді және саналы студент” атты апталығының ашылуы өтті. Колледж студенттері білім, тәрбие туралы сөзжұмбақтарды шешді, мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндірді. Оқытушылар мен студенттер көңілді сергіту сәтіне белсене қатысты. Апталық кезінде ұйымдастырылатын шаралармен таныстырылды.

21 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің акт залында паралимпиада спорты бойынша Батыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшесі, жеңіл атлетика және волейболдан спорт шеберіне кандидат, паралимпиадашы Умиралиев Бауыржан Жасқайратұлымен кездесу өтті.

FaLang translation system by Faboba