2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2а РШО тобының топ жетекшісі Г.С. Шотова «Бақытты бала - бақытты ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс психологиялық жаттығудан басталды.
Топ белсендіілері бейне материал бойынша топтың жетістіктері туралы айтты. Оқытушылар студенттердің жағымды және жағымсыз жақтарын, үлгерімін, оқуға деген көзқарасын атап өтті. Бақытты баланы қалай тәрбиелеуге болады?, тиімді ата-ана кім? сұрақтарды қарастыру үшін ата-аналармен топтық жұмыс жүргізілді, олар «Ассоциации» жаттығуның тапсырмаларын орындады: «Бақытты бала» (1 топ), «Тиімді ата-ана» (2 топ), «Қазіргі жастардың қасиеттері» (3 топ), «Балаларда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу» (4 топ). Топ жетекші үлгерімнің нәтижесін қорытындылады , оқу процесі туралы ақпарат берді, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Жиналыс рефлексия жаттығуларымен аяқталды: «Мен жақсы ата-анамын өйткені...» (жүректі бір-біріне беру, сөйлемді аяқтау), «Баланың жан дүниесі» (ата-аналар жүректерде өз баласында қалайтын, дамыта келетінқасиеттерді жазды).