Қуанышымызда шек жоқ!
Қазақстан халқының "Ел анасы" атағы!
Бүгін Ақтау қаласында өткен ҚХА, Аналар кеңесінің халықаралық форумында колледжіміздің құрылтайшысы, ҚХА БҚО Аналар кеңесінің төрайымы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының және Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, білім беру саласының ардагері, Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы «Ел анасы» құрметті атағына ие болды!
Сізді барша жүрегімізбен «Ел анасы» мәртебелі марапатыңызбен құттықтаймыз!
Құрметті Шалқыма Хайроллақызы!
Бұл – Сіздің өмірлік жолыңызда, қоғамға сіңірген ерен еңбегіңізге, аналық мейіріміңіз бен парасатты болмысыңызға берілген орынды марапат. Ұрпақ тәрбиесіндегі даналығыңыз, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудағы еңбегіңіз – бүкіл елге үлгі.
Сіздей ел анасы – ұлттың алтын діңгегі, асыл тірегі. Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Ел игілігі жолындағы істеріңіз жемісті болып, құрмет пен алғыстан арылмасын!
Ізгі тілекпен, ОГТК ұжымы.


