Колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева және ДТЖЖ орынбасары А.Ж.Отарбай Ұлы Отан соғысының ардагері Качеткова Нина Владимровнаны Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғыс білдіріп үйіне барды. Бүгінгі күні арамызда аз қалған ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету біздің борышымыз! Нина Владимировна 18 жасында әкесімен және ағасымен өз еркімен соғысқа қатысқанын әңгімелеп берді. Кеудесі орден мен медальға толы ардагер соғыс кезіндегі қиындықты, аштықты, жаралыларға көмектескенін есіне түсіріп айтып берді.
Қазіргі уақытта жалғыз ұлы Качетков Павел және екі немересі ардагердің бар жағдайын жасап бағып отыр. Павел жұмыста болғанда күтуші әйел Лилия қарайды екен. Өте мейірімді, жүрегі таза ардагер ана 98 жасында тың көрінеді. Балалар құттықтап өлең шумақтарын оқып мың алғыс айтып құшақтап, қолын қысып ризашылық сезімдерін білдірді, өз кезегінде әжеде жастарға әдемі тілегін білдірді.
ҰОС ардагерлеріне алғысымыз шексіз❤
{youtube}NgDOx0Zsspg{/youtube}
{youtube}hiT6iTtbwx0{/youtube}