URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

"Музыкалық білім берудегі дәстүрлер мен шығармашылық ізденістер" тақырыбында онкүндігі ашылды

05.04.2022 ж «Музыкалық білім беру» мамандығының "Музыкалық білім берудегі дәстүрлер мен шығармашылық ізденістер" тақырыбында онкүндігі ашылды. Онкүндік ашылу салтанатына колледждің әкімшілігі, І-ІҮ студенттері, колледж оқытушылары қатысты. ПЦК жетекшісі А.Р.Идрисова алғы сөзінде жерлесіміз қазақтың тұңғыш кәсіби композиторы Шамгон Қажғалиевтың 95 жыл толуына орай колледждің 1,2 курс студенттерінен қазақ инструменттері оркестрі құрылғаны туралы айтты. Оркестр онкүндік шымылдығын халық күйі "Келіншекпен" ашты. Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай, әншінің репертуарынан Шәмші Қалдаяқовтың "Ақмаңдайлым" әні оркестрдің сүйемелдеуімен оқытушы Раушан Куаншалиеваның орындауында шырқалды. Сондай-ақ қазақтың тұңғыш бишісі Шара Жиенқұлованың 110 жылдығы қарсаңында оркестрдің сүйемелдеуінде бишінің репертуарынан "Сал күрең" биін 2 курс студенті Жадыра Нұржанғалиева орындады. Ашылу салтанаты Құрманғазының рухты күйлерінің бірі "Балбырауын" күйімен өрнектелді.

{youtube}Dbl_QA18l8Q{/youtube}

{youtube}abU16w-qO2g{/youtube}

{youtube}gGRXRtRc6X8{/youtube}

{youtube}PPDpXQwO_8c{/youtube}

{youtube}Op7jJP1qmkc{/youtube}

{youtube}ujIUKJQnGD4{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.