Колледждегі жемқорлық жағдайы жөнінде студенттердің пікірін анықтау мақсатында «Колледждегі жемқорлық деңгейі» сауалнамасы жүргізілді. Оған барлығы 185 студент қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижесінде 43,8% студенттер жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі. 77,3% жемқорлық қалыпты жағдай деп есептемейді, бірақ та 26,4% қалыпты жағдай емес сияқты деп ойлайды. 95,1% білім алушы пара беруге дайын еместіктерін көрсетеді «Колледжде жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба?» деген сұраққа студенттер бір ауыздан 100% «жоқ» деген жауап көрсетіп отыр. Колледжде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы шаралар туралы 96,2% студенттер хабардар. Студенттер жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардан хабардар. Колледжде жемқорлық жағдайына студенттер тап болмаған. Жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі.
Бірінші курс студенттерімен Сұлтанмахмут Торайғыровтың адалдық сағаты ұйымдастырылыды. 1аКШР тобының жетекшісі сөз сөйлеп, Сұлтанмахмұт Торайғыров Қазақстанның ең көрнекті ақындарының бірі екенін айтты. Қысқа ғұмырына қарамастан-бар болғаны 27 жыл-Торайғыров өзінен кейін бай шығармашылық мұра қалдырды. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында соншалықты елеулі шығармалар жазып, ұлттық мәдениет пен әдебиет тарихында лайықты орын алды. Халыққа деген риясыз сүйіспеншілікпен енген оның поэзиясы әлі күнге дейін азаматтық ерлікке толы болғаныны үлгі етті. Студенттерге "Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділеттілік философиясы" тақырыбында "парасаттылық сағаты"тақырыбында видиоролик ұсынылды. Соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп , с. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын талқылады.