15 желтоқсан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжде «Тимбилдинг - сплоченный и дружный коллектив» тақырыбында шара өтті. Шараны колледж оқытушыларымен «Педагогика, психология» және «Ағылшын тілі» кафедралары бірігіп ұйымдастырған. Бұл шараның негізгі мақсаты – ұжымның бірлік, ұйымдастырушылық, топта жұмыс жасай білу қасиеттерін қалыптастыру. Шара қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтті. Шара басында қатысушыларға «тимбилдинг» ұғымы туралы қысқаша ақпарат берілген. Әрі қарай оқытушылар «туған күніңіздің жыл мезгілі» бойынша топқа бөлді. Тимбилдинг барысында оқытушылар өздерінің топтарының атын, ұранын, жарнамасын құрастырды. «Пантомимика» ойынында қатысушылар тілсіз, қимыл арқылы белгілі бір құбылысты көрсетті, «Бағалы құмыра» ойынында оқытушылар жабық көбен бір біріне су толтырылған банкіні бір біріне төкпей, шашпай беруге тырысты, сондай-ақ түрлі түсті картон, қағаз, желім, скотч арқылы топ болып көлемді бүйымдарды құрастырды. Қортындылай келіп рефлексия сәті «Еркін микрофон» әдісімен өтті. Тимбилдингөте көңілді және ерекше түрде өтті, барлық оқытушылар белсене қатыса білді.