URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Тәрбиешінің шеберлік әлемі» атты сайыс

14 қараша күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 4б КДО, 4б РДО топ студенттерінің арасында «Жас тәрбиеші» үйірмесінің жетекшісі А.Б.Сарсенгалиева және оқытушы Т.У.Маденова «Тәрбиешінің  шеберлік әлемі» атты сайысын өткізді. Сайыс барысында топтар бес топқа бөлініп, әртүрлі кезеңдер бойынша тапсырмаларын орындады. Студенттер топтарын бірінші кезеңде өлең жолдары, өлең айту, тақпақ айту арқылы таныстырып өтсе, әрі қарай «педагогикалық экспромт» бөлімінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Елбасымыздың мақаласын болашақта жүзеге асуы жөнінде постер қорғады. Үшінші «Кім тапқыр» кезеңінде студенттер актерлық шеберліктерін көрсетсе, төртінші бөлімінде "Машықкердің кәсіби қадамы"- күн тәртібіндегі көңілді сәттерін ұйымдастырып көрсетті. Соңғы кезеңде студенттер әртүрлі материалдардан бүлдіршінді қызықтыруға арналған дидактикалық материал дайындап, жариялады. Қортынды рефлексиябөлімінде студенттер осы шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.