“Таза Қазақстан” акциясы – еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция қоғамдағы әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
2025 жылдың 16 қыркүйегінде Орал гуманитарлық‑техникалық колледжінде қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №4 емхана жанындағы «Демеу» жастар орталығының гинеколог маманы Клара Максутовнамен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға колледжіміздің 1 курсында оқитын 54 қызбала қатысты.
«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым,ұрпаққа үлгі» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Сабақты АӘД жетекшісі Н.З.Утегалиев жүргізді.