«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым,ұрпаққа үлгі» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Сабақты АӘД жетекшісі Н.З.Утегалиев жүргізді.
Ерлік сабағының мақсаты:
• Студенттердің бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу;
• батырлар туралы ойларын тереңдету, өздері олардың еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіштік қасиеттерін арттыру;
• тарихи шығармалармен құжаттарды, архив материалдарын тиімді пайдалану дағдысын қалыптастырып, ұлы адамдардың өмірінен үлгі алуға, олардың қадірлей білуге тәрбиелеу. Сабаққа қонақ ретінде БҚО, ҰОС батыры Кенжебай.Маденовтің қарындасы, колледжіміздің ұлағатты ұстазы Маденова. Тамара Утегеновна , «Жас сарбаз» ӘПК командирі Максим.Манарбек , ӘПК-ың белсенді мүшесі Жұмахан Нұрсат қатысты. Сабақ барысында бейне материал қаралды, газет беттеріне шыққан мақалалар талданды. Студенттер сабақтан жақсы әсер алып «ЕРЛІК» сөзіне өз пікірлерін жазып қорытындалады.