2025 жылдың 16 қыркүйегінде Орал гуманитарлық‑техникалық колледжінде қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №4 емхана жанындағы «Демеу» жастар орталығының гинеколог маманы Клара Максутовнамен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға колледжіміздің 1 курсында оқитын 54 қызбала қатысты.
Кездесу барысында гинеколог жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің ағзаға және психологиялық жағдайға тигізетін әсері туралы жан‑жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, жыныстық жетілу кезеңіндегі өзгерістер, дұрыс тамақтану, эмоциялық тұрақтылық және жауапкершілікпен әрекет ету тақырыптары қозғалды.
Шара еркін диалог түрінде өтті. Қыз балалар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты және кәсіби жауаптар алды. Бұл кездесу қыздар арасында үлкен қызығушылық тудырып, олардың өмірлік маңызы бар ақпаратпен қарулануына себеп болды.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар ерте жүктіліктің алдын алу мен денсаулықты қорғау жолдарын түсініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталанды. Аталған іс‑шараның басты мақсаты — жасөспірімдерге дұрыс бағыт‑бағдар беру, ақпараттық сауаттылығын арттыру және өмірлік маңызды шешім қабылдауда саналы болуға тәрбиелеу. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.