26 мамыр күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 2025 жыл-жұмысшылар жылы аясында «Жетістікке жету кілті өз колыңда» атты TEDx форматында колледж түлектерімен кездесу өтті. Кездесуге колледждің алғашқы 2001 жылғы, 2005, 2006, 2008, 2015, 2018 жылғы түлектері шақырылды. Мақсаты колледж түлектерін өздерінің өмір жолдары туралы, жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы әңгімелеу арқылы студенттерді мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Кездесуге Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Жанакашева Г.А., БҚО Жаңақала ауданы Жас туристер станциясы педагогі Кенжегалиева Г.М., Орал қ., Круглоозерное ауылы «Шамшырақ» бөбекжайы әдіскер-тәрбиешісі Иманбек Ә.С., Орал қ., «AZIM» бөбекжайы тәрбиешісі Каримова А.Н.,Орал қ. №16 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Казыдуб В.Ю., директордың орынбасары Мукангалиева А.Ж., БҚИТУ Білім және менеджменті институты шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Жусупова Н.Қ., М.Өтімісов ат. БҚУ мәдениет және өнер факультетінің тәрбие ісі деканы орынбасары Куаншалиева Р.Ж., УГТК дене тәрбиесі оқытушысы Кужахметова А.Б. қатысты. Шара барысында қонақтар өз өмір жолдары жетістіктері туралы әңгімелеп, студенттер қойған сұрақтарына тұшымды жауап алды.