16 қараша күні Гагарин атындағы балалар кинотеатрында, колледждің студенттеріне “Сағым” толық метражды көркем фильмі көрсетілді. Фильмде дініміздің атын жамылып, бейбіт өмірді құрдымға жіберуге әрекет еткен бөгде ниеттегі топтың іс әрекеттері шынайы бейнеленген. Бұл көркем фильм-еліміздегі жас жеткіншек, өскелең ұрпаққа өмірлік сабақ бола білетін, және бақыт пен бақытсыздық жолын ажырата білуге ұйытқы болатын туынды. Фильмде тартысты тағдыр, өнегелі өмір, дәстүрлі отбасылық құндылық, биік адамгершілік қасиетті көрсеткен. Фильм студенттердің көңілінен шықты.