15 қараша «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы күні «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс студенттері «А.С.Макаренко атындағы ЖББМ» КММ-нің «Үздік мұғалім - 2021», дене тәрбиесі пәні мұғалімінің Н. Давлетовтің 5А сыныбына «Командалық және спорттық ойындар арқылы өзара әрекеттесу бөлімі, «Ойындардағы әдіс-тәсілдерді үйрену» (баскетболда) тақырыбындағы сабағына қатысты. Оқытушы Н. Давлетов оқушыларға баскетбол ойынында допты берудің әртүрлі тәсілдерін көрсетті. Оқушылар ойын барысында баскетболда допты беру тәсілдерін қолданды.
Осы ретте колледж студенттері Тюлемесов Арзу, Пивен Дарья, Утебалиева Айдана «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына түсуді жоспарлап отырған 8-9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша әңгімелесті. Студенттер колледждегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, студенттік өмір, әртүрлі практикадан өту, өздерінің спорттық жетістіктері, колледжде оқытылатын мамандықтары, түсу ережелері, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде оқудың артықшылықтары туралы әңгімеледі. 8-9 сынып оқушыларына мамандықтар, профильдік пәндер бойынша тапсыратын емтихандар, колледжге түсуге қажетті құжаттар туралы ақпарат жазылған парақшалар таратты. Оқушылардың барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
{youtube}ud9gjWSrv3w{/youtube}