УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

"Ерлікке тағзым" атты көрменің ашылуы

11 мамыр күні колледждің «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» мамандығының 3 курс студенттері топ жетекшісі А.Қ.Виктормен Батыс Қазақстан облыстык тарихи-өлкетану музейінде Жеңіс күніне орай Кеңес ондағы ның батыры Есен Орақбаев (1922-1945) және соғыс ардагері Бисен Жұмағалиевтің (1922-2015) туғагына 100 жыл толуына орай " Ерлікке тағзым " атты көрменің ашылуына қатысты. Көрменің негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігі мен дәлелі екендігін паш етіп, ұрпаққа берер ұлағатын ашып жеткізу. Болашақ ұрпақты отанды сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелеу.

Шара барысында батырлардың ерлігі мен ерен еңбегі туралы мәлімет берілді. Көрмеге соғыс ардагері Бисен Жұмағалиевтың қызы Баян Бисенқызы, інісі Кәрім Сапиевтың ұлы Біржан Кәрімұлы, жиені Арыстан Сарсенбаев қатысты. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музей қоры негізінде жабдықталған «Ерлікке тағзым» атты көрмеге ҰОС ардагерлерінің жеке фотосуреттері, ордендері, құжатттары, қолданған заттары қойылған.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.