УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

"Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2 курс қыз балалармен Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің еріктілерімен жетекшісі Г.Ж.Дүйсенғалиевамен "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бүгінгі таңдағы жастар арасындағы жоспарланған ерте жүктілік мәселесі туралы әңгіме болды. Қыз, әйел денсаулығының ұрпақ тәрбиесіндегі негізі екені түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурудың алдын алу және гигиенаны сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Атаулы колледждің білікті маманы мен ерікті жастар ауқымды тақырыпты ашуда өте жақсы түсінікті ақпарат берді. Студенттер жұқпалы инфекциялық ауру, жоспарланған жүктіліктен сақтану жолдары туралы сұрақтар қойып жауап алды. Шара өте қызықты өтті. Колледж әкімшілігі атынан БҚ жоғары медициналық колледжінің тәрбие бөліміне және ерікті студенттерге алғыс білдіреміз. Бірлескен шаралар жалғасын таба берсін.

{youtube}LzLEikrqhM0{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.