УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» семинар-практикум

 

2022 жылғы 03-04 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженер-педагогикалық қызметкерлерінің «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» семинар-практикум ұйымдастырылып, оған жас мамандар М.Е.Ізбасаров пен А.Қ.Виктор қатысып келді.

Семинар-практикум мақсаты: жас инженер-педагог қызметкерлердің теориялық білімдерін жетілдіру және педагогикалық шеберлікті жоғарылатуда әдістемелік сүйемелдеу болып табылды.

Міндеттері:

- жас педагогтердің кәсіби дамуы мен біліктілігінің өсуіне ықпал ету;

- педагогтерге олардың колледжде бейімделуіне, теориялық білімдерін жетілдіру мен педагогикалық шеберліктерін шыңдауға практикалық көмек көрсету;

- жас педагогтердің білім беру үдерісінде эмоциялық жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне әдістемелік көмек көрсету;

- педагогтің шығармашылық қабілеттерін дамытуда әдістемелік қолдау.

Оқытушылар тренингтерге қатысып, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудағы жаңалықтармен, жас маман ретіндегі эмоционалды күйзелісті алдын алудың психологиялық әдістерімен танысып, аттестаттаудан өту талаптары туралы ақпарат алып, коучингтерге қатысты.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.