УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«MathCat» математикалық флэшмобы

2021 жылдың  24 қараша күні математика пәні оқытушысы А.М.Сагидуллина колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған «MathCat» математикалық флэшмобын ұйымдастырды. MathCat - бұл коммерциялық емес жоба, оның аясында кез-келген адам өзінің математикалық білімін ойын түрінде тексере алады. 

Неліктен MathCat  –  математикалық мысық?  MathCad деп аталатын компьютерлік бағдарлама бар. Бұл "тірі бағдарлама" - математиктердің пікірінше ғылыми алгебра жүйесі болып табылады және өте қарапайым. Жүйе инженерлік алгебра болып табылады,  сонымен қатар MathCad та жазылады.  Мысық - өте ақылды жануар, мысалы Александр Сергеевич Пушкиннің «У лукоморья дуб зеленый» өлеңіндегі "ғалым мысық" бар. Ағылшын Льюис Кэрроллдың "Алиса ғажайыптар әлемінде" кітабының кейіпкері - чешир мысығы бар. Осылардың бәрін біріктіріп, MathCad атауын MathCat деп өзгертіп, флэшмобқа осы атау берілген. 

  

Флешмобтың мәні барлық қатысушылар белгілі бір уақытта және белгілі бір күні математикалық тапсырмаларды шешуде. Флэшмоб барысында қатысушылар негізгі математикалық формулаларды естеріне түсірді.  

Барлық қатысушыларға келесі деңгейлер бойынша тапсырмалар берілді: 

ақ деңгей 

- жасыл деңгей 

- сары деңгей 

- қызыл деңгей

  

Математикалық флэшмобқа барлығы 120, оның ішінде 10 оқытушы, 110  студент қатысты. Қорытындысы бойынша оқытушылар арасынан колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаевам оза шауып, өзінің математикалық сауаттылық деңгейінің жоғары екенін көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болды. 2-орынды арнайы пәндер бойынша ПЦК төрағасы, дене тәрбиесі пәні оқытушысы А.Б.Кужаметова иеленсе, 3-орын директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Шотоваға бұйырды. 

Студенттер арасынан өздерінің математика пәнінен деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеп, барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген 1аРШО студенттері Лемешева Алина мен Лапкина Анна жүлделі 1-орынды, 1аРДО топ студенті Плахотнюк Дарья мен 3аКШК топ студенті Рамильева Аида 2-орынды бөлісті. Жинаған ұпайлары бірдей түскен келесі топ студенттері жүлделі 3-орынды иеленді: 1аРДО топ студенттері Утегенова Гульназ бен Сражанова Құралай, 3аКШК топ студенті Ұзақбаева Айдана.  

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.