Колледжде жастар арасында адамгершілік, адалдыққа, әділдікке, көрегенділікке, парасаттылыққа, қайырымды болуға, айнала қоршаған ортаға қамқор болуға, қоғамға зиян келтірмеу, білімді болу, өзін –өзі жетілдіру, жеңіл жолмен емес еңбекпен жетістікке жетуге тәрбиелеу сонымен қатар білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында жан-жақты жұмыс жүргізілуде.
Қаңтар айы бойынша
Колледжда А.Р.Идрисова 1аКШМ тобының топ жетекшісі «Біз сыбайлас жемкорлыққа қарсымыз»тақырыбында онлайн тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Топ студенттері өз ойларын ортаға салып, колледжде ондай ой-пиғылмен кездеспегендіктерін айтты.
Н.А.Утегенова 4а КШФ тобының жетекшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткен кезекті онлайн «Адалдық сағатымен» танысып, талқылады. Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.
«Парасатты адам деген кім?», «Парасатты болу қаншалықты маңызды?» деген сұрақтарға спортшы «Парасат», «пайым» сөздерінің мағынасын аша отырып, «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.
Топ студенттеріне А.Назаровтың бойындағы өзіндік болмысы–қарапайымдылығы, ойын еркін жеткізіп, сөз саптауы ұнады. Қоғамда, жастар арасында парасаттылықты насихаттап, оны дамыту – барша қазақстандықтардың міндеті, парызы екені түсіндірілді.
Ақпан айында 1-3 курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен кезекті «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті. А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді. Қазақстандық жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды. Көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек.
3аКШФ тобынымен топ жетекшісі Н.үБ.Мажитов А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді. Қазақстандық жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды. Көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек. Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады. Шара ZOOM платформасында өтті. Ақпараттық видео барлық топтарға WhatsApp желісі арқылы жіберілді. Колледждің Instagram парақшасында жарияланды.
15.02.2021 күні Директордың оқу –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай 2 а КШК тобымен Сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін жетілдіру мақсатында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбындағы кезекті «Адалдық сағаты» онлайн ұйымдастырылды. Дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары арқылы ақынның ұлтын ерекше сүйетіндігіне таңданып, ол ең алдымен адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жырлағанын, қазақ қауымына адал қызмет етіп бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетуге болатынын айтты. Өз заманының ұлы ғұламасы Ш Құдайбердіұлының мұрасынан бейнебаян көрсетілді. Шара барысында ақынның бәріне қанағат қылд, да аянбай адал еңбек ет деген өситі бүгінгі ұрпаққа тәрбие беруде өзектілігін жоғалтпағаны талданды. Өмірде ақиқат, шындық, білім ғылыммен сезім дамуы арқылы іске асады деп түсіндірген. Парасатты тұлға болып қалыптасуы үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын түсіндірді. Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.... Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім деді. Шәкәрім өз шығармаларында Ар білімі деген терминді қолданған. Шара барысында студенттер Шәкәрімнің шығармаларын оқып мағынасына түсіндірді.
Кезекті адалдық сағаты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, әрі ел ішінде танымал талай туындының авторы Қалқаман Сарин өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деген сөздерін келтірді. Суденттерге Қалқаман Сариннің ой толғауы өте қызықты болды. Парасаттылық деген ұғымда Абай атамыз айтқан толық адамды қалыптастыру білім биігінен, парасат биігінен ойлай алатын адам. Елжанды болу ол әр тұлға отбасынан бастап парасаттылыққа тәрбиеленіп қоғамға қосылған тұлға. Парасатты қоғам құру үшін әрбір адам өзінің санасын жақсылыққа қарай өзгертіп, парасатты ұрпақ тәрбиелеп, заңды, ұлтмыздың дәстүрін сақтау керектігін айтып ойын түйіндеді
Үнемі ұйымдастырылатын он-лайн «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – танымал тұлғалардың өмір және еңбек жолы арқылы өскелең ұрпақтың бойына парасаттылық құндылықтарын сіңіру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту. Студентер осындай танымал тұлғалардың үлгі өнегесін тыңдап саналы болуға, парасатты, білімді болуға бой түзейді.
22.02-26.02 аралығында Колледждегі жемқорлық жағдайы жөнінде студенттердің пікірін анықтау мақсатында «Колледждегі жемқорлық деңгейі» сауалнамасы жүргізілді. Оған барлығы 185 студент қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижесінде 43,8% студенттер жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі. 77,3% жемқорлық қалыпты жағдай деп есептемейді, бірақ та 26,4% қалыпты жағдай емес сияқты деп ойлайды. 95,1% білім алушы пара беруге дайын еместіктерін көрсетеді «Колледжде жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба?» деген сұраққа студенттер бір ауыздан 100% «жоқ» деген жауап көрсетіп отыр. Колледжде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы шаралар туралы 96,2% студенттер хабардар. Студенттер жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардан хабардар. Колледжде жемқорлық жағдайына студенттер тап болмағандығын айтады. Жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі.
12.03.2021 күні бірінші курс студенттерімен Сұлтанмахмут Торайғыровтың адалдық сағаты ұйымдастырылыды. 1аКШР тобының жетекшісі А.Б.Джамбаева сөз сөйлеп, Сұлтанмахмұт Торайғыров Қазақстанның ең көрнекті ақындарының бірі екенін айтты. Қысқа ғұмырына қарамастан-бар болғаны 27 жыл-Торайғыров өзінен кейін бай шығармашылық мұра қалдырды. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында соншалықты елеулі шығармалар жазып, ұлттық мәдениет пен әдебиет тарихында лайықты орын алды. Халыққа деген риясыз сүйіспеншілікпен енген оның поэзиясы әлі күнге дейін азаматтық ерлікке толы болғаныны үлгі етті. Студенттерге "Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділеттілік философиясы" тақырыбында "парасаттылық сағаты"тақырыбында видиоролик ұсынылды. Соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп , с. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын талқылады
16.03.2021 күні колледждің 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы 1аКШМ тобының жетекшісі Алма Рахатовна Идрисованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көзқарасы» тақырыбында шара өтті. Шара барысында студенттерге «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Студенттер сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда берілетін жазаның түрлерімен танысты, сыбайлас жемқорлықтың қандай түрімен кездесуге болатынына мысал келтіріп жағдаятты шешу жолдарын көрініс арқылы көрсетті. Шара мақсатына жетті. Студенттер пара алу, пара беру, табысқа еңбексіз жеңіл жолмен жету мүмкін емес екенін түсініп, -біз жастар адал еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа саналы тәрбие беру үшін еңбектенеміз деп өз пікірлерін білдірді.
07.04.2021 күні Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Колледж студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дайындаған кезекті «Әйтеке би: Парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай онлайн «Адалдық сағатымен» танысып, талқылады. 1 курс студенттерімен колледжде өтсе 2-4 курс студенттерімен ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. «Ұлы даланың ұлы тұлғаларының бірі, мемлекет қайраткерлері Әйтеке би Байбекұлының тағылымына арналған. 21жасында Әйтеке би қазақ –қарақалпақ, өзбек халқына ұлыс би атанған Әйтеке би тарих беттерінде өшпес із қалдырған. Әйтеке бидің бүгінге жеткен даналығы данышпан бабамыздың еңбекқорлығы, парасаттылығы мен еліне деген адалдығын студенттерге түсіндіріп талданды. «Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді,
Ер азамат білгірлігімен жетеді, деген
ойшылдың даналық сөзі адалдыққа, парасаттылыққа үндейді.
Туған жерін, елін сүю, қазыналы қарттарды құрметтеу, бабалардың адал жолымен жүру, отбасының ұйытқысы болу –әрбір саналы ұрпақтың қасиетті парызы екенін естен шығармау керектігі айтылды. Өйткені парасаттылық отбасындағы адал сыйластыққа негізделеді. Әйтеке би күллі қазақ халқының дауларын шешіп, өз өмірлік ұстанымдарын әділдік қағидатына негіздеген. Топ студенттеріне бабамыздың асыл мұрасын жадымызда сақтап, өмірлік жолымызда ұстанумыз қажет деп ой қозғап, пікірлерін ортаға салды. «Жақсы адам болып, жақсылардың қатарын көбейтейік»
Колледжде әр адалдық сағаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жас ұрпақтың бойына адалдық және патриотизм қағидаттарын сіңіру мақсатында сабақ болатын тәрбиелік сағат түрінде жүргізілуде.
Онлайн түрінде барлығы 68 студент қатысты, штаттық режимде оқып жүрген 1 курс бойынша 23 студент қатысты.
Апта бойы 1 курс студенттері БҚО ТжКБ ұйымдары студенттері арасында өтіп жатқан
«Парасаттылық – жастар көзімен» атты онлайн байқауына дайындалып жұмыстарын жолдады.Колледж студенттері БҚО ТжКБ ұйымдары студенттері арасында «Парасаттылық – жастар көзімен» онлайн байқауына белсенді қатысты. Топ студенттері инстаграмм парақшасында пост жариялап, тақырыпқа сай видеоролик әзірлеп жариялады. Нәтижесінде 1аКШМ тобының студенті Ә. Жігер жеңімпаз атанып, дипломмен, сыйлықпен марапатталды.
2.04.2021 күні Орал гуманитарлық колледжінде кезекті адалдық сағаты 1 курс студенттерімен колледжде өтті. Онлайн режимінде оқитын 2-4 курс студенттермен ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Колледжде кезекті адалдық сағаты дала кемеңгері қаз дауысты Қазбек би Келдібекұлының өмір жолы мен нақыл сөздеріндегі әділдік және парасаттылық қағидатына арналды. Қаз дауысты Қазбек би қазақ хандығының 17-18 ғасырларындағы ұлы билерінің бірі. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазбек би бабамыздың еліміз үшін жасалған жан кешті ерліктері қабылданған нақты шешімдері мен әділ төреліктерге толы болғаны түсіндірілді. Қазақтың түбіне жететін ауыр дерт деп парақорлықпен әділетсіздікті айтып кетті және күресті. Бұл дерттің емі ашықтық екені айтылды. Қазбек бидің нақыл сөздері мен өлең шумақтарын студенттер талдап түсініктерін білдірді. Адам бойындағы құндылық ол ар мен ұятты сақтауға парасаттылық қағидаттарды ұстануға елімізді дамытуға әр тұлға жауапкершілікпен қарап адал болуымыз керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар колледж студенттерінің қатысуымен тұрақты түрде «Таза білім», «Таза сессия» тақырыбында акция, сауалнамалар жүргізіліп отырады.
Желтоқсан айында «Таза сессия» аясында өткізілген сауалнамасы / Анкета «Чистая сессия»
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, студенттердің ойлары мен пікірлерін зерделеу мақсатында анонимді сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 1-4 курс топтарынан 304 студент қатысты.
1. Сіз Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде білім беру сапасына қанағаттанасыз ба? / Удовлетворены ли вы качеством образования в Уральском гуманитарно-техническом колледже?
Иә / Да 272 (89,4%)
Жоқ / Нет
Толық емес / Не полностью 32 (10,5%)
2. Оқытушылар пара арқылы сіздің мәселеңізді шешіп беруге ұсыныс жасады ма? / Преподаватели предлагали решить вашу проблему через взятку?
Иә / Да
Жоқ / Нет 289 (95,1%)
Кездеспеді / не было такое 15 (4,5%)
3. Жалпы жемқорлық қандай жағдайларда көбірек кездеседі? / В каких случаях коррупция встречается чаще?
Экзамен тапсырарда / При сдаче экземены
Дипломдық жұмысты орындауда және қорғауда / При выполнении и защите дипломной работы
Жемқорлық жоқ / Нет коррупции 304 (100%)
4. Оқытушыға пара берген кездер болды ма? / Были ли случай, когда преподавателю давали взятки?
Иә, әрдайым / Да, всегда
Иә, бір рет беруге тура келді / Да, один раз пришлось отдать
Жоқ / Нет 304 (100%)
5. Сіздің ойыңызша Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде сабақ өту сапасын қалай жақсартуға болады? / Как, на ваш взгляд, улучшить качество преподавания в Уральском гуманитарно-техническом колледже?
Бәрі жақсы
Качество преподавания в У.Г.Т.К отличное.
Орал гуманитарлық - техникалық колледжінде сабақ өту сапасы осылай да жақсы
Оффлайн түрде бетпе бет өткізген жақсы, егер онлайн болса кейбір оқушылар сабақ орындамайды
6. Сіздің ұсыныстарыңыз ... / Ваши предложения...
Ұсынысым жоқ
Вернутся в аудитории и учится как прежде
Онлайн кезде уатсаппенде видеозванок арқылы сөйлесемін, себебі зум ауылда сеть шықпайды
Барлығы да қанағаттанарлық, жақсы деңгейде.
Мне все устраивает и нравится как учителя учат
Қорытынды: колледжде жемқорлық деңгейін анықтау бойынша студенттерге сауалнама жүргізілді. Барлығы 304 студент қатысты. 89,4% білім алушы колледжде білім беру сапасына қанағаттанса, 10,5% білім алушы толығымен қанағаттанбайтынын көрсетті . Оқытушылар пара арқылы сіздің мәселеңізді шешіп беруге ұсыныс жасады ма деген сұраққа 95,1% жоқ деп ойлайды. «Жемқорлық қандай жағдайларда көбірек кездеседі» деген колледжде жемқорлық жоқ деп 84,2% студент жауап берді. Оқытушыға пара берген кездер болды ма деген сұраққа 100% жоқ деп ойлайды. Сіздің ойыңызша Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде сабақ өту сапасын қалай жақсартуға болады деген сұраққа бәрі жақсы, сабақ оқыту сапасы ұнайды, оффлайн түрде бетпе бет өткізген жақсы, егер онлайн болса кейбір оқушылар сабақ орындамайды деп бағалайды. Сонымен қатар колледжде бұрынғыша аудиторияда оқу, барлығы қанағаттандырады, мұғалімдердің сабақ беруі ұнайды, онлайн кезде уатсаппенде видеозванок арқылы сөйлесемін, себебі зум ауылда сеть шықпайды деген ұсыныстарын білдірді.
Сәуір айында «Таза сессия – сапалы білім» сауалнамасы/ Анкета» Чистая сессия – качественное образование"
Мақсаты – емтихан сұрақтарын тарату жағдайларын анықтау, «Sanaly urpaq» клубы туралы білімін бағалау, сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайларын анықтау.
1.Сіздің аты-жөніңіз, тобыңыз: / Ваше имя, группа:
2.Осы колледжге түскен кезде сізге грантқа төлем (пара) шартымен қабылдау бойынша қызметтер ұсынылды ма? / При поступлении в данный колледж вам были предоставлены услуги (взятки) по зачислению на условиях оплаты гранта?
Ия / Да
Жоқ / Нет – 29 (74,4%)
Ақылы бөлімде оқимын / Учусь на платной основе – 10 (25,6%)
3.Өкінішке орай, қазіргі уақытта білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық орын алып отыр. Оқытушылар тарапынан Сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болдыныз ба? / К сожалению, в настоящее время в системе образования происходит коррупция.Сталкивались ли вы с с коррупционными проявлениями со стороны преподавателей?
Иә, жиі / Да, часто
Тап болдым, бірақ сирек / Сталкивался, но редко
Тап болған жоқпын / Не сталкивался – 39 (100%)
4.Сізді бағалау ушін сыйақы беруге әдейі жағдай жасайтын оқытушылардың арам пиғылды мінез-құлқының куәсі болдыңыз ба ? / Были ли вы свидетелями недобросовестного поведения преподавателей, преднамеренно создающих условия для вознаграждения за оценку?
Бұл біздің колледжде қалыпты құбылыс / Это нормальное явление в нашем колледже –
Сирек болады / Редко
Тап болған жоқпын / Не сталкивался – 39 (100%)
5. Егер сіз пара алатын оқытушыны ( немесе әкімшіліктен) біреуді білсеңіз, онда оның пара /сыйлық мөлшерін көрсетіңіз. Қазіргі жағдайды өзгерту-сіздің қолыңызда,есіңізде болсын. / Если вы знаете кого-то из преподавателя ( или администрации), который получает взятку, укажите его размер взятки /подарка. Изменить сложившуюся ситуацию-в ваших руках, помните.
Ондай жағдайға тап болған емеспін
Нету таких преподавателей
Пара алатын оқытушылар жоқ деп ойлаймын
тап болған жоқпын
Ондай болған жоқ
6. Оқып жатырған пәндер бойынша жақсы баға алу үшін сіздің топ студенттері оқытушыға кеңсе тауарларын сатып алуға немесе материалдық сыйақы беруге тура келді ме? / Чтобы получить хорошую оценку по изучаемым дисциплинам, студенты вашей группы должны были купить канцелярские товары преподавателю или получить материальное вознаграждение?
Ия / Да
Жоқ / Нет - 39 (100%)
7. Колледжде «Sanaly urpaq» студенттік клубының бар екенін білесіз бе? / Знаете ли вы, что в колледже есть студенческий клуб «Sanaly urpaq"?
Ия – 36 (92,3%)
Жоқ – 3 (7,7%)
8. Сіз «Sanaly urpaq» студенттік клубының құрамындасыз ба? / Вы входите в состав студенческого клуба "Sanaly urpaq"?
Ия – 36 (92,3%)
Жоқ – 3 (7,7%)
9. Сыбайлас жемқорлық жағдайына соңғы рет қашан тап болдыңыз? / Когда вы в последний раз сталкивались с ситуацией коррупции?
Бір айдан алты айға дейін / От одного до шести месяцев
Алты айдан бір жылға дейін / От шести месяцев до года
Бір жылдан астам уақыт бұрын / Более года назад
Өте ертеде / Очень давно
Ешқашан / Никогда – 39 (100%)
10. Сіздің ойыңызша,колледжде сыбайлас жемқорлықты жоюға қандай шаралар көмектеседі? / Какие меры,на ваш взгляд, помогут искоренить коррупцию в колледже?
Егерде колледжде сыбайлас жемқорлық болатын болса,ол жайлы директорға жеткізу арқылы оны жоюға болады деп ойлаймын
Оқытушылармен студенттермен жиналыс, бейнероликтер арқылы т.с.с
Оқытушылар мен студенттер жиі жемқорлық жайында жиналыстар өткізу, бұндай жағдайға жауапкершілікпен қарауын қадағалау .
Дөңгелек үстел өткізу, видеороликтер көрсету аркылы өтеді.
Бізде сыбайлас жемқорлық жоқ.
Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар колледжде атқарылуда.
Я не наблюдала коррупции в колледже, поэтому и не знаю.
Понятия не имею так, как не сталкивалась.
Не сталкивалась с коррупцией, поэтому не знаю, что предложить.
Қорытынды: 2курс топ студенттерінің жылды аяқтауына байланысты «Таза сессия – сапалы білім» сауалнамасы 2абКШК, 2бРШО топтарына жүргізілді. Барлығы 39 студент қатысты.
«Колледжге түскен кезде сізге грантқа төлем (пара) шартымен қабылдау бойынша қызметтер ұсынылды ма?» деген сұрақтарға 74,4% жоқ десе, 25,6%-ы ақылы бөлімде оқимын деп жауап алынды. Білім алушылардың оқытушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болмаған. Сонымен қатар «Сізді бағалау ушін сыйақы беруге әдейі жағдай жасайтын оқытушылардың арам пиғылды мінез-құлқының куәсі болдыңыз ба? » деген сұраққа 100%-ы мұндай жағдайға тап болмағандарын көрсетеді.«Егер сіз пара алатын оқытушыны ( немесе әкімшіліктен) біреуді білсеңіз, онда оның пара /сыйлық мөлшерін көрсетіңіз» дегенге ондай жағдайға тап болған емеспін, пара алатын оқытушылар жоқ деп ойлаймын, ондай жағдай болмады деп өз жауаптарын берген. Сауалнама барысында колледжде «Sanaly urpaq» студенттік клубының бар екенін біледі және оның құрамында 92,3% білім алушы барын көрсетіп отыр. «Сыбайлас жемқорлық жағдайына соңғы рет қашан тап болдыңыз?» деген сұраққа студенттер бір ауыздан 100% ешқашан деп жауап көрсетті. «Сіздің ойыңызша, колледжде сыбайлас жемқорлықты жоюға қандай шаралар көмектеседі?» деген сұраққажемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар колледжде атқарылуда; егерде колледжде сыбайлас жемқорлық болатын болса,ол жайлы директорға жеткізу арқылы оны жоюға болады деп ойлаймын, бізде сыбайлас жемқорлық жоқ; оқытушылармен, оқушылармен жиналыс, бейнероликтер, дөңгелек үстел, тәрбие сағаттары арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізілуде, колледжде мұндай жағдай орын алмаған деп студенттер өз ұсыныстарын білдірді.
Есеп беруші: ДОТЖО А.Ж.Отарбай
13.05.2021ж