УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

"Ұлттық қазына" қайырымдылық спартакиадасы

Оралда тұңғыш рет студент жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен "Ұлттық қазына" қайырымдылық спартакиадасы басталды.

Сайысқа қаламыздың 10 нан астам ЖОО мен АОО студенттері арнайы команда жасақтап қатысуда.

12 наурыз арнайы ашылу салтаны өтіп, қатысушылар ұлттық жарыстың алғашқы күнінде: "Асық ату" , "Бес тас" және "Тоғызқұмалақ" ойындарынан бақ сынасты.

Орал гуманитарлық – техникалық колледж командасы тоғызқұмалақ ойынынан III орынға иеленді.

Қайырымдылық спартакиадасы "Nur Otan" партиясы "Jas Otan " Жастар қанаты БҚОФ ұйымдастырумен БҚО Спорт басқармасының қолдауымен 12-14 наурыз аралығында 3 күн қатарынан 10 спорт түрінен өтеді деп жоспарлануда.

13 наурыз күні Аударыспақ спорт түрінен Қосмагулов Қайнар - I орынға иеленді.

Теңге ілу спорт түрінен: II орынға 3бКШФ тобының студенттері - Даренов Бисұлтан, III орынға - Сидиков Тимур иеленді.

Қазақ күресі спорт түрінен 70 келі салмақ дәрежесінде: Абылаев Али - III орынға иеленді.

14 наурыз күні 4аКШФ тобының студенті Хамидуллинова Акзер қол күресінен II орынға иеленді.

Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушыларына Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық қазына» мерекелік іс шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқаны үшін Алғыс хат табысталды!

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.