Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 1 курс студенттері арасында пневматикалық винтовка атудан жарыс болды. Жарыс, 1989 жылы 15 – ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 – жыл толуына байланысты болды. Жарысқа 1аКШМ, 1аКШР, 1аРДО топтары қатысты. Жарыс өте қызықты, тартысты өтті. Арнайы бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді. Барлық қауіпсіздік шаралары ескертілді, және жарыс кезінде қатаң түрде сақталды. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 – орын 1аРДО, 2 – орын 1аКШМ, 3 – орын 1аКШР топтарына берілді. Жарыс соңында барлық топтарға Мадақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.