УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Біз сыбайлас жемкорлыққа қарсымыз» тақырыбында онлайн тәрбие сағаты

Орал гуманитарлық техникалық колледжінің 1аКШМ тобының топ жетекшісі А.Р.Идрисова «Біз сыбайлас жемкорлыққа қарсымыз» тақырыбында онлайн тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Топ студенттері өз ойларын ортаға салып, колледжде ондай ой-пиғылмен кездеспегендіктерін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен кезекті «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті. А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді. Қазақстандық жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды. Көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек. Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады. Шара ZOOM платформасында өтті. Ақпараттық видео барлық топтарға WhatsApp желісі арқылы жіберілді. Колледждің Instagram парақшасында жарияланды.

А.Ж.Отарбай 2 а КШК тобымен Сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін жетілдіру мақсатында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбындағы кезекті «Адалдық сағаты» онлайн ұйымдастырылды. Дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары арқылы ақынның ұлтын ерекше сүйетіндігіне таңданып, ол ең алдымен адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жырлағанын, қазақ қауымына адал қызмет етіп бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетуге болатынын айтты. Өз заманының ұлы ғұламасы Ш Құдайбердіұлының мұрасынан бейнебаян көрсетілді. Шара барысында ақынның бәріне қанағат қылд, да аянбай адал еңбек ет деген өситі бүгінгі ұрпаққа тәрбие беруде өзектілігін жоғалтпағаны талданды. Өмірде ақиқат, шындық, білім ғылыммен сезім дамуы арқылы іске асады деп түсіндірген. Парасатты тұлға болып қалыптасуы үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын түсіндірді. Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.... Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім деді. Шәкәрім өз шығармаларында Ар білімі деген терминді қолданған. Шара барысында студенттер Шәкәрімнің шығармаларын оқып мағынасына түсіндірді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.