УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

1 курс студенттерімен және колледж белсенділерімен кездесу түсіндірме жұмысы жүргізілді

Колледжде 9 ақпан күні Жас Отан жастар қанатының «Жас саясаткерлер мектебіне» қабылдау мақсатында 1 курс студенттерімен және колледж белсенділерімен кездесу түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында Жас Отан жастар қанатының белсенді мүшелері студенттерге ұйымның мақсат міндетімен, 2021 жылға жоспарымен таныстырып, негізгі жобалар туралы түсіндірді.

«Жас саясаткерлер мектебі» жастардың қоғамдық өмірге араласып, көшбасшылық қабілетті жетідіруге мол мүмкіндік беретінін айтып өтті. Сонымен қатар 2019-2020 жылдарда жүргізілген жұмыстардың есебін презентация арқылы көрсетті. Колледждегі Жас Отан жастар қанаты бастауыш бөлімшесінің төрайымы 01110113 «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студенті Б Қанаева ұйымда жұмыстанып жүріп жеткен жетістіктерімен бөлісті. Колледждің басқа да мүшелері Жас Отан жастар қанаты бастуыш бөлімшесінің белсендісі А.Утебалиева жауапкершілікпен жұмыстанып жүрген студенттерге ризашылығын білдірді. Шараға қатысқан бірінші курс студенттеріне кері байланыс ретінде қойылған кездесуден не ұғындыңыз? деген сауалға басым көпшілігі қоғамдық өмірге белсене араласу қажет екенін түсіндім, жаңалықтар аштым, жаңа мүмкіндіктер бар екенін түсіндім, өзіңді басқа қырыңнан ашуға болатынын, жаңа достар табуға болатынын түсіндім деп жауап берді.

Студенттердің жан-жақты дамып, рухани, интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін ашу мақсатындағы танымдық шаралар жалғасын таба берсін. Жастарға сәттілік!

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.