УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншы» тақырыбында он-лайн дәрісі

Орал гуманитарлық–техникалық колледжде Адалдық сағаты аясында  «Ахмет Байтұрсынұлы –адамдық пен білім диқаншы» тақырыбында он-лайн дәрісіне  студенттерді  қатыстырып сабақ ұйымдастырылды. Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының  жас ұрпақты тәрбиелеудегі адалдық пен төзімділік туралы ойын тыңдап білімді болу, жетістікке жету жолында ерінбей еңбек ету керектігін түсінді. Жас ұрпақтың білімдерін шыңдап сауатты болуға шақырған түрлі сабақтарынан үлгі алды. Аз нәрсеге қанағат қылып, мұқтаждыққа шыдамды болу, барды бағалай білуге үйрету  адал ұлтшыл, халқына шыншыл азамат болу әр азаматтың парызы екені  студенттерге сабақ болды.  

https://www.instagram.com/p/CIXzfE8lzfT/?igshid=1j3ilpex4xdd2 

https://www.instagram.com/p/CIWJvHZl0fl/?igshid=1becbmsbsv7nq 

Қараша айының 23-27 аралағында   Колледждің  1-4 курс  студенттері арасында  «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында  он-лайн сурет  көрмесі өтті. Студенттер сыбайлас жемқорлық тақырыбында өздерінің ойларын, түсініктерін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, жол бермеу керектігін  бйнелеп ойларын сурет арқылы білдірді.  

Сауалнама қараша айында өтті.

Колледждегі жемқорлық жағдайы жөнінде студенттердің пікірін анықтау мақсатында «Колледждегі жемқорлық деңгейі» сауалнамасы жүргізілді. Оған барлығы 185 студент қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижесінде 43,8% студенттер жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі. 77,3% жемқорлық қалыпты жағдай деп есептемейді, бірақ та 26,4% қалыпты жағдай емес сияқты деп ойлайды. 95,1% білім алушы пара беруге дайын еместіктерін көрсетеді.  «Колледжде жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба?» деген сұраққа студенттер бір ауыздан 100% «жоқ» деген жауап көрсетіп отыр. Колледжде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы шаралар туралы  96,2% студенттер хабардар.

Қорытынды: студенттер жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардан хабардар. Колледжде жемқорлық жағдайына студенттер тап болмаған. Жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.