УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Ұлы Отан соғысының Жеңістің 75 жылдығына орай әскери-патриоттық клубтардың мүшелері мен белсенділері, әскерге шақырылатын жастар арасында өткізілген әскери – патриоттық ойыны

30 қазан күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен «Үркер» мәдениетті және өнерді қолдау орталығы жеке қоры ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының  Жеңістің 75 жылдығына орай әскери-патриоттық клубтардың мүшелері мен белсенділері, әскерге шақырылатын жастар арасында өткізілген әскери – патриоттық ойынында Орал гуманитарлық – техникалық колледж командасы жүлделі I орынды иеленді. Жарыс«Евразия» туристік орталық кешенінде ұйымдастырылды. Жарысқа 9 команда, соның ішінде облыстық колледждер және қалалық мектеп командалары қатысты. Жарыс түрлері: әскери қолданбалы және спорттық бағдарлау бойынша өткізілді. Орал гуманитарлық  - техникалық колледж спортшылары барлық кедергілерден сәтті өтіп, есеп қорытындысы бойынша жоғары ұпай алып – Iорынды иеленді. Және осы аталған жарысқа шәкірт дайындап жетекшілік еткені үшін Орал гуманитарлық колледжінің  алғашқы әскери және технологиялар дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысы аға лейтенант Батырғалиев Өркен Женисұлы Алғыс хатпен марапатталды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.