УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Қазіргі жағдайда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» әдістемелік семинары

27 қазан күні атқарушы директор, э.ғ.к. Утарбаева Ляззат Жетебаевна, директор орынбасарлары мен әдіскер, колледж оқытушылары «Қазіргі жағдайда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» әдістемелік семинарына қатысты.

Семинарды «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Бақыт Шалабайұлы Әлиев ашты.

Алғашқы сөзді «Бөбек» орталығы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының модераторы ретінде» баяндамасымен «Бөбек» ҰҒПББСО Бас директоры Елена Николаевна Сакенов алды. Ол өз сөзінде бағдарламаның енгізілу мақсаты, бағыттары, жасалған жұмыстар мен алға қойылған мақсаттарға тоқталды.

Семинар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейне-дәрісімен жалғасын тапты. Сара Алпысқызы руханилық мен адамгершілік қосарланып жүруі керек екенін басып айтты.

БҚО Білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Г.К.Кубашева сөз алып, өзін-өзі тануды басқа пәндермен интеграциялаудың маңызы, жасалып отырған шаралар туралы айтып өтті.

АҮДИ директорының орынбасары Гүлназ Үсенқызы Сағымбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымының әдістемелік жұмысын ұйымдастыру», АҮДИ бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессор Аршагүл Қылышбекқызы Рысбаева «Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабығын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар», АҮДИ аға ғылыми қызметкері Жазира Жайлаубекқызы Әкімбаева «Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау», АҮДИ аға ғылыми қызметкері Құралай Жеңісқызы Тәттімбетова «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ата-анамен жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыптарындағы баяндамаларын ұсынды.

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі директорының оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Индира Мәдиқызы Қабдолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі» баяндамасында ТжКБ ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін оқыту мен бағалау бағытында құнды ақпараттарды ұсынды.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру саласына интеграциялау» баяндамасымен АҮДИ жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Мариям Кахармановна Таипова сөз алды. ТжКБ пәндеріне өзін-өзі тануды интеграциялау жолдарын сөзге тиек ете отырып, бірнеше мысалдарды ұсынды.

АҮДИ ақпараттық ресурстар бөлімінің жетекшісі Әлия Айтмұхамбетқызы Сапарова «Ақпараттық ресурстарда жариялануға ұсынылатын рухани-адамгершілік мазмұндағы материалдарды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар» баяндамасында ақпараттық ресурстарды жариялау бойынша әдістемелік ұсыныстар, мақалаға қойылатын талаптар туралы айтты.

Орал қаласы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия директоры Бибігүл Сауырқызы Тілекенова «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру тәжірибесі мен даму мүмкіндіктері» атты баяндамасында мектепте жүргізілген жұмыстар, тәжірибесімен, алға қойылған жоспарлармен, кездескен қиындықтар мен жеткен жетістіктерін таныстырды.

«Мектептің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша қызметін талдау» баяндамасымен Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген орта мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Салтанат Оразқызы Қажығалиева сөз алып өз тәжірибесімен таныстырды. Мектепте жүргізілген жұмыстарды ұсынды. Әлеуметтік желіде жүргізіліп отырған жұмыстың маңыздылығын айтты.

Ақсай қаласы №4 мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ғалия Гимеденқызы Ғабдуллина ««Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялаудың тиімділігі» баяндамасында мектепте жүргізілген шараларға тоқталды. Өткізілген интеграцияланған сабақтарды ұсынды.

Семинар соңында іске асыруға қажетті ұсынымдар берілді. Колелдж ұжымы атынан семинар жұмысын ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.