УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Педагогикалық кеңес отырысы

2020 жылдың 20-сәуірі күні кезекті педагогикалық кеңес отырысы онлайн форматында ZOOM бағдарламасында өтті. 

Күн тәртібінде берілген сұрақтың біріншісі бойынша бөлім меңгерушісі А.А.Муканова сөз алып, 2019-2020 оқу жылының 2-ші ағымдағы бақылау қорытындысымен таныстырды. Үлгермейтін студенттер туралы ақпарат беріп, жасалып отырған жұмыстарды ортаға салды. 

Екінші сұрақ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене тәрбиесі  пәндерін оқытудағы талаптардың орындалуы» бойынша дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі А.Б.Кужахметова, АӘжТД пән оқытушысы Ө.Ж.Батырғалиев сөз алып, қыркүйек – наурыз айлары аралығында жасалған жұмыстар есебін берді. 

Үшінші сұрақ «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне кіріктіру» пилоттық жобасы бойынша атқарылған жұмыстар есебін» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина берді. Өз кезегінде осы бағыттағы жұмыстарды әлі де белсендендіру керектігін ұсынды. 

Төртінші сұрақ «Колледж оқытушыларының іс-тәжірбиесін тарату және біліктілігін арттыру курстарынан өту деңгейі» бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина сөз алып, курстан өту деңгейі төмен екендігін, онлайн ұйымдастырылып отырған курстар бар екендігі, соған қатысу керек екенін басып айтты. 

Бесінші сұрақ «Колледж кітапханасының жылдық жоспарының орындалу деңгейі және студенттердің танымдық қызметін арттырудағы кітапхананың рөлі» бойынша кітапханашы А.К.Копболсынова өз есебін берді. 

Алтыншы сұрақ бойынша кафедра оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру  нәтижесін кафедра меңгерушілері Н.А.Утегенова, Л.А.Нагимова, Б.М.Куспановалар ұсынды. 

Ағымдағы сұрақтар бойынша қазіргі таңда қашықтықтан ұйымдастырылып отырған оқу процесінің деңгейі, мазмұны талқыланды. 

Практиканы ұйымдастыру бойынша ОӨ жұмыс жөніндегі орынбасар Г.С.Шотова, тәрбие жұмысының жүргізілуі бойынша ТЖ орынбасары А.Ж.Мухсинова, студенттердің сабақ қатысуы бойынша әр топқа алдын-ала бекітілген әкімшілік мүшелері сөз алып, ұйымдастырылған жұмыстар туралы айтты. 

Соңында оқу ісі жөніндегі орынбасар А.М.Сагидуллина ағымдағы және қорытынды аттестаттау кестесі бойынша емтихандарды ұйымдастыру форматтарымен таныстырып, емтихан алатын пән оқытушылары өз ұсыныстарын айтты. 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.