УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Менің туым-менің Отаным» атты патриоттық акция

30.10. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан»ЖҚ бастауыш бөлімшесі және «Достық» еріктілер клубының белсенділері бірлесіп «City Center» ойын-сауық орталығында оздырылған «Менің туым-менің Отаным» атты патриоттық акцияға қатысты. Акцияның мақсаты: мемлекеттік Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту және қазақстандық жастар арасындапатриоттық сезімді нығайтып, Мемлекеттік туды орнатуға тыйым салу стереотипін жою. Акцияға қатысушылар қатарында, облыстық және қалалық партия филиалдары, Орал қалалық Ішкі саясат бөлімі, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының еріктілері болды. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, авторлық өлеңдер оқылды. «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен, «City Center» басшылығының қолдауымен ғимарат ішінде 12 мемлекеттік Ту орнатылды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.